Құрметті демалысқа шығарып салу

2019 жылғы 12 шілдедеБЖК ұжымы БЖК Басқарушы директоры Сасыков Ербол Әбілқасымұлын құрметті демалысқа шығарып салды. Ол энергетика саласында слесарьден директорге дейін ұзақ 35 жыл қызмет атқарған.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Мухамед-Рахимов Ербол Әбілқасымұлына ұзақ жылғы және жемісті жұмысы үшін: «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасын және «АлЭС» АҚ Құрмет грамотасын табыс етті. Көп жылдық еңбегі мен энергетикаға қосқан үлесі үшін алғыс сөздер айтылды.

- … Ербол Әбілқасымұлының бау-бақшамен айналысу құмарлығын, БЖК-тар талай рет әкелген жемістерінің дәмдерін көріп, куәгері болған. Біздің сыйлығымыз мотокультиватордың пайдасы шаруашылықта көмегі зор болады. Сондықтан, демалыста жалығуға мүлдем уақытыңыз болмайды,жаңа агрегатты игеріп, үй алқаптарының өнімін көбейту керек, - деді Нұрлан Тауфикұлы Мухамед-Рахимов. /p>

Департаменттердің басқарушы директорлары, жастық шақтағы бірлескен жұмыстарын еске алып, қиындықтарды қалай еңсергендерін және уақыттың қалайзымырайтынын, зейнеткерлікке шығу сәті де басталғанын айтты.

– Ербол Әбілқасымұлы өзі өте жас көрінеді, тіптен зейнеткерлік жасқа келді деп те айтпассың. Мүмкін БЖК ұжымында директор қызметін атқару, оған оңай әрі жаққан болар, - деп әзілдеді Каскад ГЭС Басқарушы директоры Сабыркулов Бисембек Әбенұлы.

Әріптестерінен басқа бұл шараға АЭжБУ бұрынғы ректоры Р.А.Мұсабеков, АлЭС АҚ балабақша меңгерушісі К.С.Төлеубекова да өз тараптарынан Ербол Әбілқасымұлына ықыластарын білдіртті. БЖК ұжымы өз ісінің майталманы Ербол Әбілқасымұлының басшылығымен бірлескен жұмыс үшін алғыс білдірді.

- Осыдан бес жыл бұрын біз жаңа директорға үйренісіп едік, ал енді қимсатықпен шығарып саламыз , өйткені бір – бірімізге туғанымыздай -нағыз отбасы болып кеткен едік. Біз өз директорымызға бірлескен еңбегі үшін, өз жауапкершілігімізді және жұмысқа деген құштарлығымызды дарытқаны үшін, бізге қамқорлық жасағаны үшін алғысымызды айтамыз,- деді бас бухгалтер Ольга Николаевна Козлова.

- Біздің бастық өзінің бақшасынан бізге дәрумендер әкелуші еді. Ол тек жұмыс істеп қана қоймай, жақсы демалуды да біледі. Біз ұжыммен жиі табиғатқа баратынбыз. Жалпы айтқанда, талапшыл, бірақ сонымен қатар өз балалары сияқты бізге қамқорлық көрсете білген, нағыз басшы бола білді, - деді кадр жөніндегі жетекші инженер АйнұрТемирбаева.

- Енді Сізде көп бос уақытыңыз болады, соны өзіңізге, толыққанды демалуға, саяхатқа шығуғаарнауыңызды тілейміз, - деді бас экономис Жанар Заитова. БЖК ұжымы өздерінің директорына, әр демалыстан түсірілген суреттермен, БЖК әр бөлімінен тілектер жазылған альбомды естелікке сыйға тартты, сонымен қатар директордың әр жұмыскердің туған күнінде және ұжымның басқа да айтулы мерекелерінде айтатын Омар Хайямның өлеңдерін де енгізді.

Ербол Әбілқасымұлын құрметті демалысына жылы лебіздерімен шығарып салды, бірақ кішкене қимастық байқалды, әрине жақын адаммен қоштасу ешқашан оңайға соқпайтыны рас. Бірақ БЖК ұжымы өз директорына табиғатқа шығу дәстүрі сақталатынына уәде берді.