АлЭС: жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімді оқыту

«Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлерді даярлау бөлімінде өндірістік департаменттердің жаңадан қабылданған жұмыскерлеріне арналған бейімді оқыту бағдарламасы әзірленді.

- Бағдарлама бейімді оқыту және өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша оқытудан тұрады. Бейімді оқыту бөлімінде жұмыскерлер компанияның құрылымы мен миссиясымен, өндірістік көрсеткіштерімен, ұжымдық шартпен танысады. Компанияның құндылықтарын зерттейді. Екінші бөлімде жұмыскерлер қауіпті өндірістік объектіде, өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша оқытудан өтті. Аталмыш бағдарлама, қызметкерлерге қысқа мерзімде жұмыс орнына бейімделуге және өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша оқытудан өтуге мүмкіндік береді,- деді қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығыЖанар Сабикенова.

Қызметкерлерді даярлау бөліміндеоқыту ұзақтығы 1 күн, 10 академиялық сағат көлемінде. Осы бағдарлама бойынша оқыту 2019 жылдың 3 маусымында басталды, қазіргі таңда 85 жаңадан қабылданған жұмыскер оқытылды.

Мен жақында жұмысқа орналастым. Оқу барысында, мен үшін пайдалы және қажетті ақпараттар алдым, көптеген өзіме қажетті сұрақтарға жауап алдым, жұмыскерлерге арналған әлеуметтік бағдарламалармен таныстым. Бүгін мен қандай үлкен кәсіпорында жұмыс істеймін және қандай маңызды жұмыс істеп жатқанымызды білдім,- деді 2-ЖЭО турбиналық жабдықтау жөніндегі машинист қараушы Данияр Жарылкасынов.

Бейімді оқыту айына бір рет өткізілу жоспарлануда.