АлЭС: 2-ЖЭО жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде

Қазіргі уақытта 2-ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарға жөндеу жұмыстар жүргізілуде.

Алғашқы жөндеу жұмыстары үш энергетикалық қазанагрегаттары (№2,7,8 ст.) және үш турбоагрегаттарда (№3,4,6 ст.) наурыз айында басталды. Қазіргі уақытта үш энергетикалық қазанагрегаттары (№1,4,5 ст.) және бір турбоагрегаттар (№5 ст.) жөндеу жоспарланып жатыр.

Осы жылы № 1 ст. қазанагрегатында оның бетінің тығыз еместігін жою бойынша үлкен жұмыс көлемі жоспарланған, бұл қазанагрегатының номиналды жүктемесін көтеру бойынша шектеу береді. «Энергожөндеу» ӨЖК шебері Александр Будонның басшылығымен, қысымды газ жолдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Александр Будон монтаждау жұмыстары бойынша үлкен тәжірибесі бар.

- Қазір №5 ст. турбоагрегатында қосалқы жабдықтармен бірге, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, негізгі жабдықтарды жөндеу кестесіне сәйкес, сорғы жабдықтарын, жылуландыру жабдықтарын жөндеу жұмыстары жүргілуде. Пайдаланушы персонал тарапынан орындалатын жұмыстардың сапасына тұрақты бақылау жүргізіледі, сондай-ақ жөндеуге шығарылған жабдықтардың ақауы тексеріледі,- деді 2-ЖЭО Бас инженері Бауржан Қалиев.

Барлық орындалған жөндеу жұмыстары 2019-2020жж. күзгі-қысқы кезеңде апатсыз жұмысқа жабдықты дайындауға бағытталған.