АлЭС: бильярд спорты бойынша турнир өтті

Турнир «НАП» бильярд клубында өтті. Аталған турнирге спорт әуесқойлары арасынан 22 жұмыскер қатысты.

2019 жылғы шілде айының басында Астана күніне орай«Алматы электр станциялары» АҚ жұмыскерлері арасында бильярд спорты бойынша турнир өтті. Турнирге1-ЖЭО, 2-ЖЭО, «Энергожөндеу» ӨЖК, Бас кеңседен 4 адам және БЖК,ҚапшағайГЭС жәнеОҚТО-дан 2 адам қатысты.

Тартыс нәтижесінде мықты ойыншылар анықталды. Турнирде 1-ЖЭО релелік қорғаныс аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтеріДаулет Карамолдаев жеңіске жетті, ал екінші орынға 1-ЖЭО жөндеулер қызметінің бастығы Сергей Аметов, үшінші орынға құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Нұржан Исабаев ие болды.

- Бильярд спорты бойынша турнир компания жұмыскерлері үшін дәстүрге айналды. Менің ойымша, бұл өз шеберлігін көрсетіп, өз ортамызда үлкен танымалдылыққа ие болған бильярд әуесқойларымен кездесуге, жақсы мүмкіншілік,- деп өз ойымен бөлісті Сергей Аметов.

Үздік ойыншылар энергетик күніне орай ұйымдастырылған, энергетикалық компаниялардың арасындағы бильярд спорты бойынша турнирге қатысады. Бұл энергетиктердің арасында жақсы дәстүрге айналды.