Жұлдызды аспан астындағы жарыс

«АлЭС» командасы 29 маусымда Іле Алатауы тауының Қарғалы шатқалында өткен дәстүрлі TunRun 2019 түнгі жүгірсіне қатысты.

- Бұл өте керемет, әрі есте қаларлықтай жарыс болды. Біз күннің батысымен бастадық. Жүздеген спортшылар зәулім Алматы тауларының арасында маңдайына орнатылған шамдарымен жүгірді. Мен 10 км жүгірдім, бірақ түсіп келе жатқанда рахаттанып, керемет әсер алдым. - Бұл менің алғашқы тәжірибем, мен оны барлық кәсіби және әуесқой спортшыларға көріп, қатысуына кеңес беремін,- деп бөлісті Кайсар Абиев, қаржы ресурстарын басқару бөлімінің жетекші экономисі.

Бірегей жүгіріске жұмылып 600-ге жуық қатысушы жиналды.Түнгі жүгіру ұйымдастырудың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттауға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге бағытталған.