АлЭС «Арыс, біз біргеміз» акциясына қосылды

«Алматы электр станциялары» АҚ-ның 969 жұмыскері Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына өз табысының бір бөлігін аударды. Жиналған қаражат «Жаңа Алатау»қоғамдық қорына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 24 маусымында ҚР Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери бөлімінің аумағында Түркістан облысы Арыс қаласында жарылыс болды.