АлЭС: әлеуметтік тұрақтылық индексін талқылау

2019 жылғы 18 маусымнан 26 маусымға дейін өндірістік департаменттерде «АлЭС» АҚ құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік тұрақтылық индексін зерттеу нәтижелері, мінез-құлықтың этикалық қағидалары, жаңартылған Ұжымдық шарт және компаниядағы трансформация жобалары талқыланды.

АРБ бастығы Дария Шайжанова компаниядағы әлеуметтік тұрақтылық индексінің төмендеу себептерін көрсетті. Түзету әрекеттерінің жоспары туралы айтты.

- Өндірісте санитарлық-тұрмыстық жағдай жақсарып, тұрмыстық бөлмелергеорын-жайларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті Дария Шайжанова. – «АлЭС» АҚ басшылығы өндіріс жұмыскерлерін сапалы арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. 2019 жылы компания әлеуметтік жауапкершілік саясатын іске асыруды, жұмыскерлердің өмірі мен еңбегін жақсартуды, Ұжымдық шарт талаптарын сақтауды жалғастырады.

Омбудсмен, Рамия Турегельдинова мінез-құлықтың негізгі этикалық қағидаларына, «Самұрық-Энерго»АҚ компаниялар тобының барлық ЕТҰ үшін ортақ болып табылатын қоғамның жаңа құндылықтарына тоқталды. «АлЭС» кәсіподағы» филиалының төрағасы Валерий Ситдиков 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 2022 жылдың 1 маусымына дейін жарамды жаңаҰжымдық шартты ұсынды.

Әдістеме және трансформация бөлімінің бастығы Владимир Ким «АлЭС»АҚ-дағы Трансформация бағдарламасының мақсаттары, негізгі бағыттары, іске асыру кезеңдері туралы әңгімеледі. Бұл тақырып өндірістік департаменттер жұмыскерлерінің қызығушылығын тудырды, кездесу барысында компанияда енгізілетін жобалар бойынша өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.