«Эдельвейсте» жазғы маусым басталды

27-06-52019 жылы 26 маусымда «Эдельвейс» Энергетиктер кәсіподағының балалар сауықтыру лагерінде бірінші ауысымның салтанатты ашылуы өтті. Демалуға және сауығуға 135 бала келді. Елу жыл бойы «Эдельвейс» балаларға ұмытылмастай әсер қалдыратын жазғы тамаша естеліктер қалдыруда.

Яна Горбовская лагерьде төртінші рет: "маған бәрі ұнайды. Әсіресе тауға бару. Осы жылы біз лагерьді танымадық. Ол түрлі бояулармен безендірді. Суретшілер жақсы жұмыс істеді".

- Біз балалардың келуіне дайындалуға тырыстық. Биылғы жылы қайың алаңын отырғызып, қосымша ағаш кереуеттер, түрлі-түсті орындықтар, әткеншектер, арнайы балалар алаңдары сатып алынды. Біз балаларды сауықтыру мақсатында барлық жағдай жасаймыз. Ауысым әр 15 күн сайын жаңартылады. Балалармен тәжірибелі педагогтар жұмыс жасайды, - деді Валерий Ситдиков кәсіподақ төрағасы.

Балаларды квест, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар және т.б. қызықты байқау, ойындар күтуде. Осы жазда үш ауысымда бес жүз баланы сауықтыру жоспарланып отыр.