Біз – жасыл Қазақстан үшін!

2019 ж. 7 маусым күні «АлЭС» АҚ-да «Біз – жасыл Қазақстан үшін!» атты экологиялық фестивалі өтті.

11-06-2Фестивальдің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынасты, табиғатты пайдаланудың адамгершілік және құқықтық қағидаларын қалыптастыру.

АлЭС департаменттерінің экологтары өздерінің зияткерлоік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ компания үшін ұтымды және экологиялық маңызды зерттеулерін сегіз номинацияда көрсетті:

• «Әлем сенің қолыңда»;

• «ИӘлемдегі экология тарихы»;

• «Энергетикадағы экологиялық мәдениет»;

• «Біздің ғалам – біздің қолда»;

• «ISO 14001:2015 – Экологиялық менеджмент жүйесі және оның энергетикадағы өзектілігі»;

• «Табиғатты қорғау акциясы»;

• «Экологиялық кроссворд»;

• «Бірлік барда тірлік бар».

- АлЭС-те экологиялық фестиваль алғаш рет өткізілуде. Біздің департамент «Біздің ғалам – біздің қолда» номинациясы бойынша жобаны дайындап шықты. Өз жобамызда жер бетіндегі су ресурстарының ластануына талдау жүргіздік. Каскад ГЭС бастапқы су пайдаланушы ретінде Үлкен Алматы көлінен су алады. Алматы қ. ауыз сумен жабдықтауда негізгі су алушылардың бірі екендігін, сондай-ақ экологиялық маңызды және ғылыми мәні бар бірегей табиғи объекті болып келетіндігін ескере отырып, коммерциялық қызметті болдырмау туралы, сондай-ақ ҮАК айдыны аумағындағы жерлерді тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру туралы нормативтік актілерді қабылдау қажет. Экологиялық тәрбие әрбірімізден бастау алады. Бірнеше рет қолданылатын сөмкелерге және био-ірітіліп кететін пакеттерге көшу, шырынды немесе суды шыны ыдыста, не болмаса тетра-пакеттерде сатып алу,-деп Каскад ГЭС экологы Наталья Митусова өз бойымен бөлісті.

2-ЖЭО экологтары Сымбат Қуттыбаева және Алия Досхожаева экологиялық менеджмент жүйесінің өзектілігіне толықтай тоқталып кетті, АлЭС Экологиялық саясаты жайында баяндама жасады.

 2-ЖЭО департаментінің экологтары «ISO 14001:2015 – Экологиялық менеджмент жүйесі және оның энергетикадағы өзектілігі» презентациясын көрсетуде

11-06-41-ЖЭО экологы Елена Давыдова «Бірлік барда тірлік бар» номинациясы бойынша жоба дайындады.

- Ресурстарды елеусіз қолдану жер қойнауы қорының апатты азаюына әкеп соғады. Табиғи байлықтың шексіздігі туралы бұлдыр түсінік пайда болады. Табиғатты қорғау және оны қолдану барысында мұқият болу керек екені жөнінде түсінік қалыптасады. Мәдениетімізді дамытып, өркендегіміз келсе, барлығы өзіміздің қолымызда!, - деді Елена Давыдова.

Экологиялық дағдарыс мәселелері мен оны шешу жолдарын Қапшағай ГЭС-ның экологы Алия Жилгилдинажалғастырды.

- Қапшағай ГЭС-де экологиялық мәселелерді шешу үшін «Бір тал ағаш» акциясы өткізілді. Осы акция барысында станция аумағында 100 жас алма ағашын отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұл акция көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау үрдісінде жарқын үлгі болды. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз ғаламшарымыздың «жасыл жеңілдерін» сақтап, нығайта аламыз.Біздің өмірімізде орманның рөлін асыра бағалау қиын – ол адамның өмір сүруіне әсер етіп қана қоймай, экологиялық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.Өз еңбегімізбен және өз әрекеттерімізбен біз әлемді әдемі жерге айналдырғымыз келеді! –деп атап өтті Алия Жилгилдина. – «Әлемдегі экология тарихы» тақырыбын 3-ЖЭО экологы Светлана Ермолина жан-жақты қарады. Экологиялық фестиваль ОҚТО экологы Жанат Темірбеков құрастырған экологиялық кроссворды шешумен аяқталды.

11-06-5Экологиялық фестиваль достық қарым-қатынаста, іскерлік атмосферада өтті. Бұл фестиваль барлық қатысушыларды департаменттерде ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жаңа тәсілдер мен бағыттарды іздеу және одан әрі жұмыс істеу үшін жақсы ынталандыра алды. Фестивальдің барлық қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Экологиялық фестиваль жобаларымен «АлЭС» АҚ сайтында «Медиа» бөлімінде, «конкурста» бөлімшесінде танысуға болады.