Резервтегі болашақ көшбасшылар

06-06-3

2019 жылдың 6 маусымында «АлЭС» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің кадрлық резервпен кездесуі өтті.

06-06-4

- Кадрлық резерв-компанияның болашақ басшылары. Бізде кадрлық резерв кандидаттарын уақытында дайындау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Біз тағылымдамалар, өндірістік тәжірибелер мен семинарларды қамтитын арнайы бағдарламалар әзірледік. Кадрлық резервте әйелдердің 35% - ы бар,-деп атап өтті Нұрлан Мұхамед-Рахимов Басқарма Төрағасы.

Кездесуде әрбір резервші өзі туралы, өткен оқу туралы әңгімеледі.

06-06-5

- Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистратураны және PhD докторантураны бітірдім. Өз жұмысыңызды жақсы білу үшін ең төменнен бастау керек. Өз еңбек жолымды 2005 жылы 2-ЖЭОхимиялық реагенттер дайындау аппаратшысы болып, содан кейін химия цехының ауысымбастығы, кейін химиялық цех бастығының орынбасары болып бастадым.2017 жылдан бастап кадрлық резерв енді. Менің бастығым мені жаңа лауазымға бірте-бірте дайындап, осы күрделі басшы жұмысының егжей-тегжей қырларымен таныстыра бастады. Кадрлық резерв үшін АлЭС ұйымдастырған арнайы семинарлар өтті. Екі жыл кадр резервінде маған лауазымға моральдық тұрғыдан дайындалуға көмектесті. 2019 жылдың ақпан айында мен конкурстық іріктеуге қатысып, сәтті өттім. Наурыз айынан бастап 2-ЖЭО химиялық цехы бастығымын. Әрине, менің әлі де игеретін жұмыс сәттерім бар, сол үшін бар күш-жігерімді салып, басшылығым мақтан тұтатындай қызмет жасаймын, - деді Гүлмира Алдашукурова 2-ЖЭО Химиялық цехының бастығы.

06-06-6

«АлЭС» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Серік Тютебаев компанияға жас мамандарды, бейінді жоғары оқу орындарының түлектерін белсенді тарту жөніндегі жұмысты, кадрлық резервтен тағайындау басымдығын атап өтті.

«АлЭС» АҚ кадр резервін дайындау жүйесі құрылып және жақсы жұмыс істейді. «Алматы электр станциялары» АҚ Алматы энергетика және байланыс университетімен және Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжімен белсенді жұмыс істейді, жыл сайын өндірістік тәжірибелерді ұйымдастырады, осы мекемелердің түлектері жұмысқа қабылдайды.

21-06-1