Тұрақты даму бас назарда

06-06-1

2019 жылғы 5 маусымда «Алматы электр станциялары»АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне арналған «Корпоративтік мәдениет және өзгерістерді басқару арқылы тұрақты даму және тәуекелдерді басқару»тақырыбы бойынша семинар өтті. Аталған ісшара «2018-2019 жылдарға арналған Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары» аясында жоспарланып, 29.06.2018 ж. Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен.

06-06-2

 

- Семинар бағдарламасының басты мақсаты-тұрақты дамуды және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету, құзыреттілікті дамыту: ықпал ету, коммуникация, өзгерістерді басқару. Біз тұрақты даму стратегиясының, тәуекелдердің және корпоративтік мәдениеттің байланыс мәселелерін талқыладық. Тиімді өзгерістерді жүргізу үшін компанияда рөлдердің қалай бөлінетінін қарастырып, өзгерістер жүргізу кезінде компанияның, адамдардың және жекелей өзгерістер кезеңдеріне талдау жасалды, - деді Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары Серік Қалиев.

Семинар «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірігіп ұйымдастырылды, семинарды СҚКУ бизнесін дамыту жөніндегі директор Владимир Шиков өткізді.