АЭжБУ-да гендерлік теңдік бойынша дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 20 мамырда «АлЭС» АҚ Еуропалық қайта жаңарту және даму банкі (бұдан әрі-ЕҚДБ) бірлесе отырып, тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес АЭжБУ өзінің 50 оқытушысы үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Гендерлік мәселелер жөніндегі аға ұлттық сарапшы Алия Ильясова дөңгелек үстелде білім беру мекемелеріндегі ең үздік халықаралық тәжірибе мен кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұсынды, гендерлік теңдікті қолдау және Қазақстандағы Тұрақты даму жолында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі стратегиялар мен саяси бағдарламалардың мысалдарын келтірді. Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі мәселелері шешілетін әдістер туралы айтты.

- Гендерлік теңдікке қол жеткізу ер адамдарға да, әйелдерге де тең мүмкіндіктер беруге кедергі келтіретін барлық жағдайларды өтеу бойынша шараларды талап етеді. «АЭжБУ» КЕАҚ тең мүмкіндіктерді ілгерілету және энергетикалық сектордағы әйелдердің мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі бастаманы қолдайды. Сонымен қатар, біздің университет көптеген қыздардың энергетикалық мамандықтарға түсуіне мүдделі, - деді университет ректоры Сәуле Сағынтаева.