АлЭС стратегиялық сессияға қатысты

 

2019 жылғы 20 мамырда «АлЭС» АҚ базасында Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының тренингі өтті.

Аталған іс-шара стратегиялық сессия форматында өтті, қатысушылар өз идеяларын қалыптастырды, сондай-ақ жаттықтырушылар ұсынған шешімдерді қарастырды, зерттеді.

 

- Бұл топтық семинар. Оқыту «Самұрық-Энерго»АҚ адам ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Атқаратын жұмыстары коммуникациялармен байланысты «Самұрық-Энерго» еншілес компанияларының қызметкерлері Әлеуметтік тұрақтылық индексін, соның ішінде атқарылған жұмыс ауқымын мөлшерлейтін тарауды талқылауға келді. Бизнес жаттықтырушы Ерлан Мұстафин екеуіміз қызметкерлердің адалдығын, өзара ықпалдасуын арттыру тәсілдері, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, компанияда жайлы климат құру туралы айтамыз. Өндірістік қызметкерлермен коммуникацияға баса назар аударамыз, - деді жоба авторларының бірі Дархан Уәлиханов.

Стратегиялық сессияға «Мойнақ ГЭС», «АлматыЭнергоСбыт», «Маңғышлақ-Мұнай», «Samruk Green Energy», «Алатау Жарық Компаниясы», «Шардара ГЭС» және «Самұрық-Энерго» иегер компаниясының өкілдері қатысты. «АлЭС» АҚ атынан аталған іс–шараға 3-ЖЭО, ЗТК, Бас кеңсекадр қызметтерінің қызметкерлері қатысты.