Мектеп елшілері бағдарламасы іске қосылды

2019 жылдың сәуір-мамыр айларында төртінші, жетінші, сегізінші сыныптың (№38 мектептің және халықаралық мектептің) 58 оқушысы «Алматы электр станциялары» АҚ 3-ЖЭО өндірістік департаментін аралады. Экскурсия Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен бірлескен жоба бойынша тең мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. 3-ЖЭО қызметкерлері станция айналасында оқушылардың қауіпсіз қозғалу бағдарын құрастырып, оларға Департамент тарихы, жұмыс ерекшелігі туралы айтылған экскурсия ұйымдастырып, қызықты, соның ішінде электр тоғының пайда болуын анық көрсететін физкалық және химиялық эксперименттер көрсетті.

Өтеген Батыр ауылы №38 мектебінің 7-8 сынып оқушылары энергетикаға жақын, өйткені көпшілігінің ата-аналары 3-ЖЭО-да еңбек етеді.

– Станцияда менің атам жұмыс жасады. Маған 3-ЖЭО-ны өз көзіммен көру арман еді, - деп бөлісті өз ойымен 7 сынып оқушысы Виолетта Пономаренко.

- Қазір 3-ЖЭО-да менің туған ағам Владимир Саенко жұмыс жасайды. Олэлектр станцияларға электр жабдықтарына қызмет көрсетуші электрмонтёр. Маған әрқашан электр энергиясының пайда болуы мен станцияның іші үлкен қызығушылық тудыратын еді, - деді Дима Саенко, 8 сынып оқушысы.

Біздің мектепте бейінді оқыту бойынша жұмыстар өте жақсы жүргізілуде. Түлектердің жартысы көбіне ҚазҰТУ мен АЭЖБУ грант бойынша түседі. Бүгінгі станцияны көрген 33 баланың ішінен, біразының болашақ уақытта 3- ЖЭО жұмыс істеуге келетініне сенемін, - деді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айнагүл Капсиметовна Туралыкова.

Халықаралық мектептің 4 сыныбынан келген оқушылар экскурсияда көптеген сұрақтар қойды, көрсетілген тәжірибелерге үлкен қызығушылықпен қарап, аң-таң болды.

- Экскурсия балалардың есінде қалып, болашақта мамандық таңдауда түрткі болуы мүмкін.3-ЖЭО ұжымына мектеп елшілері бағдарламасын іске қосуға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Олар оқушыларға 3-ЖЭО департаментінің жұмысын және қызметкерлердің жұмысына деген сүйіспеншілігін көрсету үшін өте үлкен жұмыс жасады. Болашақта бұл бағдарлама балаларға нақты ғылымдарды оқуға және жоғары оқу орындарының түлектерін энергетика саласына тартуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова қорытындылады.