1-ЖЭО-де көктемде 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық басталды. Барлық жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.
- Жаз айларында 1-ЖЭО тоқтатылатын жабдықтарды, сорғы жабдықтарын, жылу жабдықтарын жөндеу жұмыстарының үлкен көлемі орындалады, сондай-ақ негізгі жабдықтарды жөндеу кестесіне сәйкес №8 ст.турбина агрегаты, №9 ст. турбина агрегаты қосалқы жабдықтармен жөндеуге жіберіледі, - деді 1-ЖЭО турбина цехының бастығы Мұрат Сәрсембаев.
Қазіргі уақытта №10 ст.турбиналы агрегатын қосалқы жабдықтармен бірге ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жалғасып, 1-ЖЭО тоқтауына шығарылған жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстар басталды. Пайдаланушы персонал тарапынан орындалатын жұмыстардың сапасына тұрақты бақылау жүргізіліп, сондай-ақ жөндеуге шығарылған жабдықтардың ақауы тексеріледі.
-Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу кестесіне сәйкес, алғашқы жөндеу жұмыстары наурыз айында басталды, №9, №10 ст. энергетикалық қазандық агрегаттары, №4 ст., №5 ст., №6 ст., №7 ст. су жылыту қазандықтары жөнделді, қазіргі уақытта №12 ст. энергетикалық қазандық агрегаттары және №10 ст. турбиналы агрегаты және №1 ст. су жылыту қазандығы жоспарлы жөндеуде тұр – деп атап өтті 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев.
Орындалатын барлық жөндеу жұмыстары және пайдаланушы персонал, жөндеу персоналы тарапынан жұмсалатын күш-жігер жабдықтарды 2019-2020жж. күзгі-қысқы кезеңде апатсыз жұмысқа дайындау үшін бағытталған. 1-ЖЭО департаментінің ұжымы да, алдыңғы жылдардағыдай 2019-2020жж. жылыту маусымының сәтті өтетініне, Алматы қаласының тұтынушыларын жылу және жарықпен сенімді қамтамасыз ететініне сенімді.