20 жыл толқын жалында

 

Мамыр айы басталды, ендеше экологиялық экспедиция жүргізетін уақыттың да басталғаны. «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО-ң командасы 20 жылдан бері шеңберінде Іле өзенінің жағасын қоқыстан тазалауға ат салысатын «Іле-Балқаш» регатасына қатысады. «РЕГАТА 2020» - Балқаш көлі бассейніндегі су туризмын әрі қарай дамыту мен дәріптеу мақсатында өткізіледі. Регатаның ұраны: Еркіндік - толқын жалында!

«АлЭС» АҚ командасы 3 кезеңдегі Іле-Балқаш регатасына қатысты: Іле өзенінің атырауы (140 км)- Жиделі тармағындағы -Ақкөл кенті. Команда жетекшісі 2-ЖЭО өндірістік техникалық бөлім бастығы - Сергей Петрович Табакаев, Регатаға қатысушылардың алған әсерін кішігірім фоторепортажда бейнелеген.

- Көктем келді. Кезекті регаттың уақыты келді. Жолға жиналу, кездесулер, біздің сүйікті өзенімізбен қайта қауышу қуанышыны бойымызды билейді. Қандай тамаша!!!

Регатаны бастауға дайындық. Ақкөл кенті маңында. Байдаркаларды жинап, түскі ас әзірлеуге кірістік.

«АлЭС» АҚ 2-ЖЭО командасы 15:00-де уақытша жағалаумен қоштасты. Ауа-райы біресе жаңбыр, біресе күн, алдымызда не күтіп тұрғаны белгісіз.

Ардагерлер байдаркасы. Бізге жету мүмкін емес! Шамалы жаңбыр сіркіреп, қайтадан күн шықты. Ауа-райы тамаша, ыстық емес, суық та емес. Айналамыз толған құстар, шағала, биікте самғап жүрген қыран. Көркемгі табиғаттың аясында, ақырындап жақын жағалаудың бойымен жүзіп келеміз.

Қамыс өртенуде. Адамдар, бұндай жағдайдың болуына қалай жол бердіңіздер? Өрт барлық тіршілікке қауіпті ғой.

«Қамыс орман» - табиғатты аялаңыздар! Жануарлар, құстар, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, жорғалаушылар әлемінде жаның демалып, әдемі тыныштыққа кенелесің.

Күннің батысымен жел де басылды. Жағалау кешкісін бізге айтып жеткізе алмайтын сұлулық, әрі әсем көрініспен таң қалдырды. Осы өзенмен ғажайып кездесуді өзімізбен келесі кездескенше, жадымызда сақтаймыз.