2019 жылы мамырда «Самұрық-Қазына» компаниясының жас мамандарына арналған рекреациялық бағдарламасының шеңберінде «Arman Dala» профилакториясында жас өндірісшілердің екінші «десанты» демалды. «АлЭС» АҚ атынан үш жұмыскер: 3-ЖЭО жөндеу бөлімінің жөндеу жөніндегі инженері Жадра Битаева, Қапшағай ГЭС пайдалану тобының электр станция ауысымының бастығы Рауан Ахметов, ОҚжТО-ң аға шебері Абусейт Бакиров қатысты.
- Бірінші күні ұйымдастырушылар бізді жылы шыраймен қарсы алып, бөлмелелерімізге орналастырды, -деп бөлісті Қапшағай ГЭС пайдалану тобының электр станция ауысымының бастығы Рауан Ахметов. – Мен тау баурайындағы шырша мен қайың арасында, таза хош иісті ауада сәби секілді ұйықтадым. Келесі күні барлық қатысушылармен таныстық. Біз тәжірибемізбен алмасып, ендігі жерде жұмыс пен саясат туралы сөз қозғамау туралы келістік. Осы сәттен бастап «Arman Dalaда» ешқандай уайымсыз, жаңа өмір басталды. Біз барлығымыз бір-бірімізбен достасып, бауыр басып қалғанымыз сонша, соңғы күні қоштасарда қимастықпен, көздеріне жас алғандар да болады. Бұл өткізген уақыт бізге есте қаларлықтай ұмытылмас әсер қалдырды. Пайдалыны жағымдымен кезектестірген демалыс болды. Денсаулықты жақсарту бағдарламасында күн сайын уқалау, физиотерапия, электрофорез және сауна болды.
«Arman Dalaда» бір жеті бойы әртүрлі өндіріс саласынан жиналған жас мамандар бір-бірімен тәжірибемен алмастық, жаңа білім алдық және тимбилдингтерден өттік. Осының бәрі одан әрі қарай дамуға үлкен күш-қуат пен мотивация берді, - дейді 3-ЖЭО жөндеу бөлімінің жөндеу жөніндегі инжинері Жадра Битаева. - «Arman Dalaда» өткізген күндер - ұмытылмас күндер - деп жалғастырды ойды ОҚжТО-ң аға шебері Абусейт Бакиров. - «АлЭС» АҚ, «Самұрық - Қазына» Қорына және ұйымдастырушыларға сауықтыру – білім беру бағдарламасы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Рекреациялық - сауықтыру технологиясы адамның белсенділігін, тұрмыс мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін көптеген мүмкіншіліктерге түрткі болады.