Каскад ГЭС –тегі экскурсия

2019 жылы 16 мамырда біліктілікті арттыру курсы аясында АЭЖБУ Каскад ГЭС өндірістік департаментінде экскурсия өткізді. Экскурсия ерекше өтті. 12 тыңдарман, соның ішінде «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ, «ЖЭО Атырау» АҚ, «ЖТБК» АҚ және «АлЭС» АҚ жұмыскерлері КИПиА жұмысы мен ГЭС пайдалану ерекшеліктерімен танысты. - Каскад ГЭС басқарушы директоры Б.А.Сабыркулов пен Р.Я.Сайфутдинов тыңдармандарды станция жұмысымен таныстырды. Экскурсияға келген қонақтарға еш жерде жазылмаған фактілер мен оқиғаларды, қызықты, әрі қалжыңмен әңгімелеп берді. Әсіресе 1-2 ГЭС тегеурінді тоннелі мен басқа да гидротехникалық құрылыстары қайран қалдырды. Біз Siemens фирмасының ГЭС параметрлерін өлшеуге арналған жаңа құрылғыларының жұмысын көрдік. ГЭС қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіретінін айтты, - АУЭС ЭС және ЭЭЖ кафедрасының доценты Юрий Григорьевич Черимисов.

Қонақтар 7- ГЭС машина залынан гидроэлектр станциялардың негізгі агрегаттарының жұмысын тамашалады. Сонымен қатар олар негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалайтын Каскад ГЭС басқару орталығының жұмысымен танысты. Осы уақытқа дейін Каскад ГЭС-і 190 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндірген, бұл көмірдің 10 мың теміржол құрамын жаққанда ЖЭО өндірілетін баламалы энергияның көлеміне тең.

Каскад ГЭС–ке жасаған экскурсия тыңдармандарға қайталанбайтын әсер сыйлады. Экскурсанттар құлағымен естіп, көзімен көргеніне қуанды. Себебі олар энергия пайда болатын мекенмен танысты.