АлЭС: Айбын мен жеңімпаздық

Ұлы мереке қарсаңында 8 мамыр 2019 жылы «АлЭС» АҚ компания басшылығы мен кәсіподақ мүшелері Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер-энергетиктерді құттықтап барды.

image001

Ұлы Отан соғысының ардагері Гуляев Виктор Павлович таңнан бастап Жеңіс күніне орай құттықтаулар қабылдап жатты. Ол Гвардиялық Қызыл ту танк бригадасының құрамында фашистерден Украина, Молдавия, Ресейдің оңтүстігін азат ету шайқастарына қатысқан. Неміс әскерінің 6-шы штабын талқандауға қатысқаны үшін ол «Қызыл жұлдыз» Орденімен марапатталды. Чехословакияны, Венгрияны, Болгарияны, Югославияны, Румынияны неміс басқыншыларынан азат етуге де қатысқан. Виктор Павлович 38 жауынгерлік, мерейтойлық, еңбек марапаттауларға ие. Қызмет жолында Қапшағай ГЭС жұмысы мен құрылысына жетекшілік етті. Ол станцияның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер энергетик. Виктор Павловичтің шаңырағында әрдайым қазақы дәстүрде берекелі дастархан жаюлы.

Ұлы Отан соғыс ардагері Гуляев Виктор Павловичті құттықтау

Жеңіс күні қарсаңында «АлЭС» АҚ басшылығы мен кәсіподақ мүшелері Заец Василий Матвеевичті құттықтады. Василий Матвеевич 1943 жылы Қызыл Армия атқыштар дивизиясының қатарына қабылданған. Жауынгерлік бірінші қадамын Вязьма қаласында жасаған. Шабуылдармен Баранавичи, Оршаға дейін, одан әрі Балтық жағалауына дейін жетті. Жарақат алып, гопитальда емделіп, тамызда әскер қатарына қайта оралды. 1950 жылдың қазан айына дейін, әскерден қайтарылғанша қызмет етті. Майдандық марапаттауларының қатарында «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» екі медалі, польша мемлекетінің «Бостандық пен еркіндік үшін», «Одырнейсен және Балтықты алғаны үшін» медальдары бар, сонымен қатар ерен және адал еңбегі үшін бірқатар марапаттаулары және қосылды.

Ұлы Отан соғыс ардагері Заец Василий Матвеевичты құттықтау

Ұлы Отан соғысының ардагері Курганов Михаил Николаевичты жыл сайын келіп құттықтау дәстүрге айналды.Ол майданға 17 жасында аттанған. Еуропаның жартысын жаяу әскермен шарлап шықты. Эльбаға жетіп, жеңісті Германияда қарсы алды. Энергетика саласында қырық жыл қызмет атқарды. Әріптестері ұмытпай қолдап, жиі келіп тұрады. Ол тек соғыс туралы есіне алғанды ұнатпайды.

Ұлы Отан соғыс ардагері Курганов Михаил Николаевичты құттықтау

 

«Алматы электр станциялары» АҚ ұжымының Басқарма Төрағасы, Қалалық мәжіліс депутаты Нұрлан Мұхамед- Рахимов барша ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады: 

- Барлық ардагерлерді жеке-жеке құттықтау біздің борышымыз, себебі олар қазіргі тәуелсіздік таңымыздың айбынды батырлары, ардақты ардагерлеріміздің жыл сайын азайып бара жаьқаны қынжылтады. Мен 2-ЖЭО-ға келгенде екі жүзден астам соғыс ардагері болған, ал қазір үш ардагеріміз бар. Жастары да 90-нан асты. Ардагерлер рухани күш-жігердің, табандылықтың, ерлік пен батырлықтың үлгісі. Әр кездесуде олардың амандығын, сау –саламаттығын көріп қуанып, адами кеңпейілділік және даналығына таң қаламыз. Ардагерлер, Сіздерге шексіз алғысымды білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ бейбіт ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!

«Алматы электр станциялары» АҚ Басқармасының шешімі бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 33 тыл еңбеккерлеріне, 31 интернационалист жауынгерге, Чернобыль АЭС апатын жою зардабына қатысқан тұлғаларға біржолғы сыйақы төленді.

 

«АлЭС» АҚ қызметкерлері жыл сайын «Мәңгілік полк» шеруіне қатысады. Биылғы жылы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар қатарына Каскад ГЭС Өндіріс бөлімінің бастығы Наталья Часовникова да қосылды.

 

- Биыл менің отбасым алғашқы рет «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. Анамның ағасы кіші лейтенант Попов Николай Матвеевич бар болғаны 20 жасында Польшада қаза болған, ал әкемнің ағасы Часовников Василий Михайлович, ол да 20 жасында Сталинград үшін шайқаста қаза тапты, отбасыммен осы бабаларымыздың портреттерімен шықтық. «Офицерлер» әнінде айтылатындай: «...батырларын ұмытпайтын жанұя жоқ»! Сол себептен, «Мәңгілік полк» Ұлы Жеңіс мұрагерлері – біздер үшін жай ғана патриоттық акциясы емес, Отанға және өз халқына деген ұлы махаббат, батылдық, өшпейтін даңқ, шексіз ерлік, рух жеңімпаздығының нышаны. Біздің міндетіміз бабаларымыздың ерлігін мақтан етіп, есте сақтау, өз отбасыңның тарихын білу. Ата –балалары, туыстары Ұлы Отан соғысына қатысқан отбасылары ата- балалары жайлы барлық ақпаратты сақтап, құрмет тұту өте маңызды. Олардың ерлігі болмағанда, бүгінгі біз, ұрпағымыз болмас еді. Осы аталған шеруге әркім өзінің жүрегінің қалауымен келді. 150 мың адамнан құралған «Мәңгілік полк» шеруі Алматы қаласының басты көшелерімен «28 панфиловшылар» паркіндегі «Мәңгілік алауға» дейін саппен жүрдік. Баршамыздың бойымызды мақтаныш сезімі, бауырластық, бірлік рухы биледі.  

АлЭС қызметкерлері аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерлігін жадында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа алапат соғыс туралы естеліктерді жеткізіп отырады. Жыл сайын аталған шеруге қатысатын қызметкерлердің саны көбеюде. Ұлы Жеңіс мәңгі жүрегімізде!