АлЭС: дарынды студенттерге қолдау көрсетеді

«Алматы электр станциялары» АҚ энергетика саласында сұранысқа ие мамандарды дайындауда серіктестерімен белсенді жемісті ынтымақтастық құрған. Жастар жылы шеңберінде АЭжБУ-де түлектермен кездесу өтті. 2019 жылдың сәуір айында «Казэнергокәсіподақ» ҚБ-ң Төрағасы Бекбас Оразбек Тельбаевич «Энергетика саласындағы кәсіподақтар және әлеуметтік серіктестік» атты тақырыбымен АЭжБУ студенттері алдында дәріс оқыды. Қажетті мағлұматтар алынып, ой-пікірлермен бөлісті. АлЭС кәсіподағы атынан Валерий Ситдиков АЭжБУ 2-курс студенті Берикбай Ходжабаевқа белсенді өмірлік ұстанымы мен жақсы білімі үшін 40 000 тенгенің сертификатын тапсырды. - Жастар – біздің мемлекетіміздің ертеңгі болашағы. Олар университетте саналы түрде, өз қалауымен мамандық таңдайды. Ертеңгі күні осы жастар біздің компанияға, өз кәсібін жанын салатын, нағыз кәсіпқой маман болып келеді, - деп құттықтады АлЭС Кәсіподақ төрағасы Валерий Ситдиков.