Аққайыңдар саяжолы сыйға тартылды

 2019 жылдың 19 сәуірінде «Эдельвейс» балаларды сауықтыру лагерінде аққайың талдары отырғызылды. Биылғы жылы ағаш отырғызу дәстүрін «АлЭС» АҚ бас инженерлері жалғастырды.

- Балалар демалып, сауығатын лагерьде тал отырғызу игі іс. Бұл бір тамаша идея, мен, әрине, оны бірден қолдадым» - деп оймен бөлісті 3-ЖЭО бас инженері Виктор Безрук.
ТЭЦ-3.

- Көктем күні, тамаша көңіл – күй және әріптестермен бірге өткізген уақыт, — демалыс күндерінің бастамасы. Балаларымыз үшін ағаш отырғанымызға қуандық», - дейді «Энергожөндеу» ӨЖК бас инженері Данияр Мамаев.»

- Былтырғы жылы балалар лагерінде ағаш көшеттерін отырғызу дәстүрін бастаған едік. Биыл сол көшеттер нығайып, жасыл бүршік атып тұр. Бірнеше жылдан кейін осында тамаша саяжолдың бой түзейтініне сенім білдіремін, - деді Каскад ГЭС басқарушы директоры Бисембек Сабыркулов.

Биылғы жылы 24 ағаш көшеті отырғызылды. Екі жылдың ішінде «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінде барлығы 44 көшет жөке, қайың және алма ағаштары отырғызылды.