1-ЖЭО қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты

Дәстүр бойынша жыл сайын сәуір айында 1-ЖЭО жұмыскерлері жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысады.

– Біз қаламыздың таза және жайлы болғанын қалаймыз. Үстіміздегі жылы 12 көшет алма, жөке, сағызқарағай отырғызылды. Ағаштарды әктедік. Станцияға жақын маңдағы аймақтан 15 машина тұрмыстық қоқыс, құрғақ ағаштар мен бұталар шығардық, - деп баяндады басқарушы директордың қамтамасыз ету жөніндегі директоры Алибек Тастанбеков.

Жалпы қалалық сенбілікке станцияның 41 жұмыскері қатысты.