«Наурыз - 2019» мерекесіне арналған футбол ойындары

2019 жылғы 18 сәуірде әз Наурыз көктем мерекесі күндері Каскад ГЭС және 1-ЖЭО өндірістік департаменттерінің командалары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Матч аталған департаменттердің басқарушы директорлары Б.А.Сабыркулов пен И.А.Сырғабаевтың салауатты өмір салтын ұстану, мерекелік көңіл күй сыйлау және «АлЭС» АҚ командалық рухты нығайта түсу бастамасымен ұйымдастырылды.

Аталған ойын керемет дода болды, қарсыластар - екі топтың ойыншылары да осы аталған матчтан тамаша әсер алды.

Каскад ГЭС және 1-ЖЭО өндірістік департаменттерінің командаларықызу, тартысқа толы ойыннан кейін қол алысып, иық қағыстырып, бір – бірін «Наурыз» мерекесімен құттықтады, «АлЭС» АҚ ұжымының ұйымшылдығы мен бірлігі нығая түсті. Жалпы ұжым бір - біріне апатсыз жұмыс, өрлеу, өркендеу, табыс тіледі.