«АлЭС» АҚ –да SAP жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде

 

«АлЭС» АҚ - S/4HANA жаңа технологиялық платформасындағы SAP жүйесін енгізудің алғашқы толқынына түсті. Қазақстанның электр энергетикалық саласында бұл жаңа буын SAP жүйесінің корпоративтік шешімін пайдаланудың алғашқы тәжірибесі.

SAP дегеніміз не? «Саптар» дегеніміз кімдер? Осы күрделі ғылымнан алшақ адамдарға бастапқыда ол өздеріне ғана түсінікті тілде сөйлесетін мамандардың қауымдастығы болып көрінуі мүмкін. Олар өздері нақты SAP жүйесінің модульдерін жақсы біледі, басқаларға қай тетікті басу керектігін көрсетіп, түсіндіреді. Иә, SAP –зерттеп, танысуды қажет ететін ғылым. Аталған жүйенің құпия сырын игерген қызметкердің еңбек нарығында құндылығы бірнеше есеге артып, жұмыс сапасы анағұрлым тиімді болары сөзсіз.

Мақсатты процестердіенгізу жобасын (SAP енгізу бойынша Трансформацияжобасының ресми атауы) «АлЭС» АҚ Гүлмира Турубаева басқарады. Оның экономикалық білімі бар. SAP–та 2003 жылдан бері. Ол Қазақстанда алғашқылардың бірі болып SAP бағдарламасыненгізумен айналысуда. «Әрбір жоба бірегей және өзінің сипаты бар.

Жобалық сала процестерінің стандартты болуына қарамастан, әркомпанияда процестерге қойылатын талаптар мен техникалық ерекшеліктері бар. Осыған қоса SAP бір орында тұрмайды, үнемі дамып келеді, уақытпен қатар жүреді. Егер сіз осы саланы білсеңіз, бизнеске жаңа шешімдер ұсына отырып, жаңа «ЅАР» ұтымдылықтарын ұсынсаңыз SAP–пен бірге дамисыз, - дейді Гүлмира.

АлЭС жобасы 11 бағытты қамтиды, әр қайсысы бойынша белгілі бір құзыреттілігі бар мамандар (негізгі пайдаланушылар) бекітілген. Компанияда сондай 108 қызметкер бар. Қазіргі уақытта барлық процесстер тексерілді. Арнайы осы мақсатта «АлЭС» АҚ «СНГ САП» АҚ компаниясының жоғары білікті мамандары шақырылды. Олар екі апта бойы «АлЭС» АҚ басшылығымен және негізгі пайдаланушыларден интерью алды. Осы уақытта тұжырымдамалық жобалау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

«АлЭС» АҚ – да жобаны енгізу жөніндегі жұмыстарды Әдіснама және трансформация (ОМиТ) бөлімі үйлестіреді. Бұл «АлЭС» АҚ 2018 жылғы қаңтарда құрылған жаңа құрылымдық бөлімше. ОМиТ 2010 жылы басталған және 1С: Кәсіпорын 8.0 жаңа платформаға ауысумен байланысты ішкі трансформация шегіндегі «АлЭС» АҚ әр түрлі бөлімшелерінің мамандарынан құралды. Сондықтан компанияның қазірдің өзінде жаңа жүйелерді енгізу тәжірибесі бар, және ол «АлЭС» АҚ SAP енгізужобасын таңдаудың негізгі критерийлерінің бірі болды.

Қандай құрылымдық бөлімшелер жаңа жүйемен жұмыс істейді. АлЭС АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерінің 90% осы жаңа жүйемен жұмыс істейді десек артық болмайды. Жаңа форматтағы жұмысты HR (АРБ) мысалында талдап көрелік. Адам ресурстары басқармасының қызметкерлері SAP жүйесінде жұмыс істейтін болады. Компания кадр есебінің Microsoft және Excel кестелері деңгейінде бір функциясы бар бір жүйеде, еңбекақының екінші, ал тізімдіктің үшінші жүйеде жүргізетін бүгінде ескірген жұмыс әдістерінен бас тартуға тырысады.

Осындай деректерді үйлестіру күрделі және қиын. Түзетуге тура келетін қаншама қателіктер мен сәйкессіздіктер пайда болады. Бұған айтарлықтай күш жұмсалады, иә әрине, еңбекақы есептейтін адамдар үнемі қауырт режимде жұмыс істей алмайды.

«Осыған орай HR модульдерін енгізу кезінде қызметкерлердің ағымдағы штатын және оның келешектегі ұлғаюын масштабтау қиындығынсыз демеу жасайтын біртұтас жүйеқұрубірінші кезектегі міндет болып табылады. Нәтижесінде, компания кадр ресурстары туралы ақпаратты шоғырландыру мен талдауда нақты құрал ретінде пайдаланатын персоналды басқарудың бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық жүйесін жасауға мүмкіндік алады», - дейді жоба жетекшісі.

(жалғасы бар)

Анна Сахнова