АЭжБУ Қамқоршылық кеңесі туралы

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы энергетика және байланыс университетімен  тығыз байланыста. АлЭС өкілдері АЭжБУ түлектері  қауымдастығының  мүшесі. Қауымдастық 2009 жылы жоғары оқу орнының зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалану және оған қажетті ұйымдастырушылық-материалдық қолдау көрсету мақсатында құрылды. Түлектер қауымдастығының  басқарушы  органы Қамқоршылар кеңесі. Оның құрамында университеттің әйгілі түлектері  - мемлекеттік мекемелердің, ірі энергетикалық кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың өкілдері бар.

«АлЭС» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Серік Сүйінбекович Түйтебаев, және «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Тауфикұлы Мұхамед-Рахимов АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің төрағасының орынбасарлары болып табылады. 2019 жылы ақпан айында Қамқоршылар кеңесінің құрамына Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары Серік Ахметұлы Қалиев қабылданды. «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Ахат Нихатович Календарев Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып табылады.

- Қамқоршылар кеңесі ЖОО басшыларымен, оқытушылар және студенттермен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізу арқылы АЭжБУ өміріне белсенді қатысады. Көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға, дарынды жастарға атаулы стипендиялар тағайындау арқылы демеушілік көмек, қолдау көрсету Қамқоршылар кеңесі қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мысалы, Гумарбек Жүсіпбекұлы Даукеев атындағы стипендия аталған университеттің 2 студентіне тағайындалған - деп атап өтті Серік Қалиев.