«Самұрық –Қазына» АҚ портфельді компанияларының жастар кеңесі

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) компаниялар тобы жастар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Қордың 150-ден астам белсенділері қатысты: «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан  темір жолы» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Жас Өркен», НГК Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісім» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Қазына Сенім» қоры бар. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан  аталған іс –шараға «Жарқын Болашақ»  жастар ұйымының төрайымы    Фариза Ботакараева қатысты. Аталған іс-шара Қордың қолдауымен және  Әлеуметтік өзара іс-қимыл және байланыс орталығының (ӘӨІҚБО)  бастамасымен жүзеге асырылды.  - Бүгін біз «ЭКСПО» аумағындағы  Конгресс-холлда жиналдық. Мен осы көрмеде болған кезімде ғимараттардың алдағы күндерде не болатыны туралы өзіме  сұрақ қойдым. Аталған ғимаратты нендей мақсатқа қолданатындығы қызықтырды. Және бұл сұрағыма  жауапты «Жарқын болашақ» жастар ұйымының төрағасы Фариза Ботакараевамен  пікір бөліскенде алдым.

Залға кірген кезде, бірнеше жыл бойы көптеген жастар іс-шараларына қатысып келе жатырған таныс адамдармен кездестім. Қор жыл сайын кем дегенде бір рет көшбасшыларды жинайды. Бізде тәжірибе алмасуға, талқылауға, ортақ пікір алмасуға... мүмкіндік пайда болады.

Компаниялардың барлығында бірдей жастар саясаты жоқ екені бәрімізге аян. «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары арасында көшбасшы болып табылатындығын мақтанышпен айта аламын. Біздің құрылғанымызға 6 жыл болды. Барлық жерде кез-келген істе белсене қатысқан жастарымызға алғыс айтамын. Әрбір сәтті есте сақтаймын және бағалаймын ...

Іс-шара екі бөлімнен тұрды: «Сандық жүйеге көшу: болашаққа қадам ба әлде жарқын елес пе?» және «Біз қайда болсақ, сонда жақсы».

«Сандық жүйеге көшу: болашаққа қадам ба әлде жарқын елес пе?»  бөлімінде  Қордың жас көшбасшыларының құрамының спикерлері   сөйледі. Олар өздерінің жұмыстарында қандай технологияларды, қалай қолданатын әдістерін  айтып таныстырды. Сандық жүйеге ену - біз үшін өмірді барынша жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз үйден шықпай-ақ, смартфон арқылы керекті анықтамалық көмекті, кез-келген қызметті өз уақытында алуға мүмкіндігіміз бар. Бұл үшін бар-жоғы телефон нөмірін бір рет тіркеу, сандық қолтаңбаны алу және т.б. жеткілікті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында электрондық үкіметте 450-ден астам автоматтандырылған қызмет түрлері бар, бұл тек бастамасы ғана. Сандық жүйеге ену күн сайын дамып келеді және қолданушылар саны артуда. Спикерлер өздерін сандық жүйеге енуге және Қазақстанның қалған азаматтарына өздерін үлгі болуға шақырды. Егер біз сандық жүйеге ену  туралы айтатын болсақ, онда, Egov.kz порталына ерекше алғыс  айтқымыз  келеді.

Маған екінші бөлім көбірек   ұнады, Талғат Қалиев сөз сөйлеген:  «Біз қайда болсақ, сонда жақсы». Ол «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, танымал саясаткер, саясаттану ғылымдарының кандидаты –деп жалғастырды Фариза Ботакараева.

- Біздің көптеген жастарымыз БҰҰ құрылымдарында, Уолл-стрит және Силикон аймағында жұмыс істейді. Біздің жастарымыз өздерін сол жерлерде шамасын байқап көрсе, жаман ба? Өкінішке орай, бүгінгі күні біздің экономикамызда оларға өзін-өзі жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті жағдай жоқ», - деді Талғат Қалиев. – Соның өзінде де, олардың барлығы да консулдық тізілімге жазылған, олардың бәрі де қазақстан төлқұжаттарын сақтаған, болашақта бәрі де Отанға оралуды жоспарлап отыр. Егер де олар бүгінгі таңда ол жақтан корпоративтік секторда жұмыс істеп, тәжірибе жинап келсе, болашақта еліміздің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Екінші жағынан, жағымсызы, біздің жастарымыздың елден қоныс аударуы. Мысалға, Қазақстаннан жұмыс іздеген 7000-ға жуық жастары өзге елге жұмыс істеуге кетіп жатыр.

Ол сондай-ақ уақытын әрі тиімді, әрі тиісті пайдалана алатын адамдарға алғысын білдіретіндігін жеткізді. Тағы да ол өзінің әзілдей отырып, жас мамандарды сұхбаттасуға шақырған кезінде, уақытты белгілеп отыратындығымен бөлісті. Егер үміткер шақырылған кезге кешіксе немесе мерзімінен бұрын келсе, жас маманның жұмысқа тұру мүмкіндігі азаяды. Ол өзінің де және басқалардың да уақытын бағалайтындығын білдірді. Оның айтуынша, әрбір адам уақытты тек жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де тиімді пайдалануы тиіс.

Күннің екінші бөлігінде, түстен кейін біз «Prime Games» интеллектуалдық ойынында бақ сынастық. Ойынға 14 команда қатысты. Ойын үш кезеңнен тұрды. Формат маған: «Не? Қайда? Қашан?» ойынын еске түсірді.  Біздің әріптестеріміз жиі «TOP Brain» сияқты ойындарды ұйымдастырып тұрады.

2018 жылы біз Алматыда Қордың шектеулі еншілес  бөлімдері арасында да өткіздік. 2019 жылы тағы  өткізуді жоспарлап отырмыз. Ойынның нәтижесі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ командасы бірінші орынды иеленді, «Эйр Астана» АҚ екінші, «KEGOC» АҚ үшінші орынды алды.

Орталық басшысы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жаңа жас туралы ережелерін жариялағанын атап өтті. Оның айтуынша, жастар  есебінде 44 жасқа дейінгі адамдар кіреді. Ол сондай-ақ жаңа, жас болашақ көшбасшыларды дайындайтын «Жас Өркен» бағдарламасын ерекше атап өтті. Мүмкін, олар алдағы  он жыл ішінде  біздің елдегі ірі компаниялардың басқарушы  құрамында болуы мүмкін.

            - ӘӨІҚБО кең ауқымды іс-шараларды да ұйымдастыра біледі. Ербол Амангельдиевичтің  ұжымы өз істерінің шеберлері-сауатты, талантты әрі  позитивті жас мамандар. Бәрі де біртұтас, жақсы ұйымдасқан. Біз бұған 2018 жылы Шымкент қаласында өткен алғашқы  жастар экспорттық консультативтік кеңесінде куә болдық. Бүгінгі оқиға осының жалғасы болып табылады. Бәрінің есінде диджей - Әділхан ерекше орын алды. Залда отырғандардың 95% -ы Әділханның шеберлігіне естері шығып таң қалды. Меніңше , осындай ерекше диджейлік өнерге ие болу  кез келгенге бұйырмаған, - деп  Фариза Ботакараева өз әсерімен бөлісті.

            2019 жыл - Қазақстан Республикасындағы жастар жылы болып белгіленді. Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар, бағдарламалар мен жобалар өткізу жоспарланған. Оларға «Жарқын болашақ» жастар ұйымы қатысып, ел игілігі үшін қызмет атқарады.

 

Фариза Ботакараева

«Жарқын болашақ» жастар ұйымының төрағасы