Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау!

2019 жылғы 7 наурызда «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» Жастар ұйымының белсенділері дәстүрлі түрде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналарды құттықтады.

- Бүгін біз көп балалы аналарды көктем мерекесімен құттықтадық. Қазіргі күнде  көп балалы болу  сирек кездеседі. Біздің аналарымыз әрдайым біздің қамымызды ойлайды. Бұл күн менің  анам үшін де ерекше. Бұл күні  анамды ас үйдің қамынан босатамыз», - деді жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК  жетекші инженері Көркемжан Рашидұлы. Таң атқаннан бастап барлық  арулары құттықтауды бастаймыз. Мерекелік көңіл-күй, жағдай  жасауға тырысамыз. Ерлердің  әйелдерсіз күні  түкке тұрғысыз. Олар болмаса, өмірдің түк қызығы да болмас еді, олар өмірімізге сән береді.

-Біздің аяулы ханымдарымыз қашанда сау, бақытты да сүйкімді бола берсін! Қымбатты әйел жолдастарымыз  әрдайым әдемі, гүлденіп жүре беріңіздер, сіздердің жүздеріңіздегі жылу бізді қуантып,    шабыттандырады!, - деп  шын жүректен  әйелдерге құттықтауларын жолдады «Энергетикалық кәсіподақ» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валерий Ситдиков.

Фариза Ботакараева

Председатель МО «Жарқын Болашақ»