«Жарқын болашақ» Жастар ұйымы «Мерекелеріңізбен, қыздар!» қайырымдылық акциясын өткізді

2019 жылғы 8 наурызда «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» ЖҰ белсенділері Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары үшін қайырымдылық акциясын өткізді.- Біз жыл сайын қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. 2013 жылдан бастап «Жарқын Болашақ» белсенділері №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жыл сайын қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрамыз.

Бүгін бәріміз «2- ананы іздеу» фильмін бірге тамашалап, түскі ас іштік, - деп атап өтті «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботақараева. – Балалар үйіндегі  тәрбиеленушілердің саны азайып келе жатқаны өте қуантады.  2013 жылы балалар үйінде шамамен 150 бала болса, қазіргі күнде  2019 жылы 65 бала бар. Бүгінгі күні балалар үйінде 8-18 жас аралығындағы 26 қыз және 39 бала тәрбиеленуде. Біз 6 жыл бойы балалардың түрлі тағдырларына куә болып келе жатырмыз. кейбір ата-аналар  ата-аналық құқықтарын қайта қалпына келтіріп, балаларын әкетіп жатса, 18 жасқа толғандар өз орындарын іздеуге мәжбүр, ал бәзбіреулерін балаға зәру ата-аналар  асырап алуда.  Балалар үйі қызметкерлерінің  айтуынша, балаларды асырап алу процесі былайша жүргізіледі: біріншіден, бала мен асырап алғысы келетіндер арасында бір-біріне сенімді жылы қарым-қатынас орнауы керек, содан кейін 1 жыл мерзімінде заңды түрде  патронаждық асырап алуға құқық беріледі, егер  оң нәтиже берсе, асырап алушылар ата-ана асырап алу сотқа өтініш тастап, соң сот шешімімен балаларды асырап алуға және толық қамқорлыққа алуына мүмкіндік ала алады. Қорғансыз балалар құқығын қорғау органдары асырап алуға өтініш беруші ата-аналардың талаптарға  сәйкестігін мұқият тексереді. Ата-аналық  құқығынан айырылғандарға да құқықтарын  қалпына келтіру  солай болады, - деп жалғастырды Фариза Ботақараева. - Біздің бастамамыздың басында балаларға бару рұқсатын алудың  күрделі ресми рәсімінен өткенімізді  ерекше атап өткім келеді. Бірақ бұл қиындықтар артта қалды. «Бізге күнімізді балалардың ортасында  өткізу өте жақсы әсер қалдырды.

Маған балалармен қарым-қатынас жасау оңай болды, біз бірден  ортақ тіл табыстық. Балалар өте тату, көңілді және  тіл табысқыш екен», - деді «Жарқын болашақ» ЖҰ белсендісі, «Энергожөндеу»  ӨЖК 1-ЖАжӨЦ  электригі Қайнар Шылғаубай.

- Өткен жылы мен алғаш рет балалар үйіне бардым. Осы сәттен бастап балаларға көмек көрсету ниеті ойымнан кетпеді. Мені қаржыны қалай қайда жұмсап жүрмін, жөнсіз, керексіз нәрсеге жұмсағанша, мұқтаж жандарға көмектесу қажет деген тұжырымға келдім. Біз балалармен әрдайым қиын жағдайға душар болған адамдарға көмектесуге тырысамыз (емделуге жиналған, қажетті тауарларды, тағамдар мен күнделікті тұтынатын заттарды сатып алуға жиналған қаржы және т.б.). Балаларды және олардың жүздерінен күлкі көру ерекше қуаныш. Қамқорлығымызға алған өзіміздің қыз балаларға мереке ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымын», - деді «Жарқын болашақ» ЖҰ белсендісі Тамирлан Ахметжан, «Энергожөндеу» ӨЖК ТЖЖУ турбиналық цехының механигі.

Құрметті әріптестер! Егер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсеткіңіз келсе, онда біздің «Жарқын Болашақ» ЖҰ – на «Энергожөндеу» ӨЖК ӨД жетекші инженер- бағдарламашысы Фариза Ботақараеваға хабарласа аласыз.

Фариза Ботақараева

«Жарқын Болашақ» Жастар ұйымының төрайымы