Жыл соңына дейін АлЭС қызметкерлерінің лауазымын бағалау жоспарланған

Жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жөніндегі Трансформация жобалау командасы «Самұрық-Энерго» холдингінің он төрт еншілес және тәуелді ұйымдарының өкілдеріне жобаның мақсаттары мен міндеттері  туралы  баяндап берді. Жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жөніндегі трансформация жобасы  аса маңызды  жоба. Өйткені адамдар өзгеріске  тұрақты ұшырайтын аса маңызды ресурс.

Корпоративтік орталықта жаңа ұйымдық құрылымды жүзеге асыру рәсімі  табысты өтті,  Екібастұз 1 ГРЭС аяқталды  және «АлЭС» АҚ-да белсенді түрде іске асырылуда.

«Бұл  жобалау командасы мен адам ресурстары басқармасы     қызметкерлерінің тапжылмай атқарған қайратты еңбегінің  нәтижесі.  Алайда біз ең әуелі  жобалау   командасымыз, оқыту семинарларын өткіземіз, әрдайым сұрақтарға жауап беруге  және көмектесуге дайынбыз», - деп пысықтады жобалау командасының  мүшесі Ксения Бердник.

Екібастұз 1- ГРЭС-дегі адам ресурстары басқармасының басшысы Алла Жаминова өткен жылдың тамыз айында қызметкерлермен «Job Matching» кездесуін табысты өткізгендігі туралы жаңалықтарымен бөлісті. Қазіргі кезде жоба мониторинг пен қолдау сатысында. Жоба иесі ретінде «Самұрық-Энерго» электр станцияның мақсатты ұжымдық құрылымға өту шараларының дұрыс жүргізілуіне қадағалау мен мониторинг жүргізеді.

Бүгін жоба «АлЭС» АҚ-да кеңінен қолданылуда. Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова бұл өндіріс қызметкерлерінен басқа «АлЭС» АҚ-ның 500-ге жуық қызметкерлеріне де қатысы бар екенін айтты. Көпшілік жұмыскерлер алдағы сараптаудың өткізілуіне алаңдауда. Жобалау тобы сараптауды объективті және лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, сондай-ақ 1 - ГРЭС- тегідей жүргізілетіндігін түсіндірді.

«Job Matching» жобасынан табысты өтетін қызметкер «Лайықты» деген рейтингке ие болады. Бағалаудың екінші рейтингі - «Лайықты емес, бірақ бір жыл ішінде дайын болады» және үшіншісі «Лайықты емес» деген бағалауға ие болады. Бұл шешімді еншілес тәуелді ұйым басшылары мен КЦ тәуелсіз мүшесінен құрылған комиссия қабылдайды. Ал, ЕТҰ басшылығын «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелері сараптайды», - деді жоба жетекшісі Владимир Павлов.

«АлЭС» АҚ бағалау 2019 жылдың соңына дейін өткізу жоспарланып отыр. Осы Трансформация жобасын енгізудің үшінші толқынының периметрінде 2021 жылға дейін екі еншілес тәуелді ұйым қамтылады: «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ.