8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында

2019 жылғы 7 наурызда «Алматы электр станциялары» АҚ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 11 қызметкер әйелге жоғары өндірістік жетістіктері  және Алматы энергетика жүйесіндегі мүлтіксіз еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен марапаттады.

- «Көктемнің ең әдемі күні марапат алу  мен үшін күтпеген тосын сый болды!», - деді Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Лаура Кусмолдинова.  – Еңбек ете жүріп, оның бекер еместігін, абыройлы  істің құрамдас бөлігі ретінде бағаланатынын түсіну мамандық  беделіңді арттырады, қатты қуантады. Ұжымың, әріптестерің  жұмысыңа жоғары  баға бергені мерейіңді еселейді. Мен компанияда 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын, және өз жұмысымды өте жақсы көремін.  Компанияның  қан айналым жүйесі саналатын құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде жұмыс істейтініме мақтанамын. Өйткені, кез-келген мәселе, қызмет, өндіріс   құжатта көрініс табады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық ханымдарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен, көктем мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге бақыт, шығармашылық жетістіктер мен даму,  денсаулық, жұмыста табыс, әрқашан жақсы көңіл-күй мен махаббат тілеймін!

Сарсенова Күляим Алматаевна- 3-ЖЭО ӨД  16 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Қазір ол  қазандық жабдықтарының машинисі. 8 наурызда- Әйелдер мерекесінің қарсаңында сыйлықтар алу  дәстүрге айналды, - деп,  Куляим  Сарсенова өз  қуанышымен бөлісті.

- Осындай керемет күні әріптестеріңнен жақсы тілектер есту тіптен тамаша!

Құрметті менің әріптестерім, сіздер -адам жанын түсінетін де, қолдай білетін де жандарсыздар, сіздермен-әріптес болып бірге жұмыс істеуге де, қуанышыңмен бөлісуге де нағыз бақыт. Керек кезде көрсеткен көмектеріңізге, демеу жасағандарыңызға алғыс білдіремін!

Сіздерге шын жүректен мол бақыт, кемелді жетістіктер тілеймін! Сенімдеріңізге және адамгершіліктеріңізге бас иемін!

- Мен АлЭС-ке 1992 жылы жүкті және багажды қабылдап өткізуші ретінде келдім. Қазір Батыс жылу кешенінің 4-ші дәределі сорғы қондырғыларының машинисімін», - деді Нина Михайловна Осина. - 27 жыл бір-ақ сәтте өте барды, осы уақыт ішінде мен көп нәрсені үйрендім. Қолдау жасағандардың бәріне
алғыс айтамын. Осы көктем күнінде менің еңбегімнің соншалықты жоғары бағаға ие болғанына қатты ризашылығымды айтамын.

Маған әйел ретінде де, қызметкер ретінде де бұл қуаныш өте бағалы. «АлЭС» АҚ зейнеткерлікке шыққан алты зейнеткерге «ҚЭҚ энергетикасының ардагері» құрметті атағы берілді.

Бүгін 8 наурызда көктем мерекесі қарсаңында, зейнеткер әйелдерді ұмытпағандарыңыз үшін «АлЭС» АҚ-ға ризашылығымды білдіргім келеді, - дейді «КЭА» 3-ЖЭО ардагері Алла Евстафьевна Горбунова.

- Құрмет демалысына шыққаннан кейін менде басқа өмір басталды. Ұзақ уақыт бойы жұмысқа бармауға үйрене алмадым. Бірақ бәрі ақырындап өздігінен орнына келді. Көкөніс пен бақшамен айналысу мені толығымен баурап алды. Жан тәніммен жаңа хоббиге кірісіп кеттім. Мен гүлдерді, түрлі ағаштарды, бұтақтарды өсіремін. Қазіргі кезде бұны белсенді демалыс деп атайды ғой. Сіздерге энергетика ардагерлеріне берген қолдауларыңыз үшін ризамын. 3- ЖЭО –ға және жалпы энергетиканы дамытуға қосқан үлесімді бағалағандарыңыз үшін рахмет.

Кадр бөлімі меңгерушісі Дария Шайжанова және Экология қызметінің басшысы Зоя Арзюкова «Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» кәсіподақ ұйымы аймақтық қауымдастығының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұл күндері әйелдерді осындай құттықтау дәстүрге айналды, өйткені көптеген жылдар бойы өз жұмыстарын және жемісті жұмысын атқара отырып, біздің әріптестеріміз АҚ «АлЭС»-ті ғана емес, аймақтың барлық энергетикалық секторын да дамытуға нақты үлес қосты.

АлЭС ер-азаматтары нәзік жаратылыс иелерін Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, оларға айналасына әрдайым өмірдің сәнін беріп, жылуын сеуіп, мейірім мен шапағатқа бөлеп жүруін тіледі.