Астанада еңбек сіңірген әйел қызметкерлерге құрмет көрсетілді

2019 жылдың 6 наурызында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-да Қордың компаниялар тобының 21 қызметкерімен кездесу өтті. «Алматы электр станциялары» АҚ-нан мерекелік іс-шараға «Энергоремонт» ӨЖҰ-ның құрылыс және механикалық цехында еңбекті реттеу және ұйымдастыру инженері Мариям Сатовна Бекмухамедова   шақырылды.

- Мен «АлЭС» АҚ-да 1995 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен үшін 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанаға шақыру күтпеген жағымды жаңалық болды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»қызықты да толымды бағдарлама ұйымдастырды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры »АҚ Басқармасының Төрағасы- Ахметжан Смағұлұлы Есімов бізді салтанатты түрде құттықтап, гүлдер мен естелік сыйлықтармен марапаттады. Біз Астананың көрікті жерлерімен танысып, Қазақстанның Ұлттық музейіне бардық.

Кешке «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы - Бақытжан Төлеужанұлы Жуламановпен кездесу өткізілді, онда ол қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін және саланы дамытуға қосқан үлесін атап өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ атынан мамандығымызға адалдығымыз бен жетістіктерімізге жылы  алғысын білдірді.