АлЭС-тің 51 жұмыскері Алматы қаласының 102 тұрғынына көмектесті
2019 жылғы наурыз айының басында «Алматы электр станциялары» АҚ-да «Донор бол - өмірді сақтап қал» акциясы өтті. Альтруизм, сезімталдық және қайырымдылық ерікті қан тапсырудың негізі болып табылады. Статистикаға сәйкес, өмірдегі әрбір үшінші адам қан құюға мұқтаж.
Республикалық Қан орталығының жылжымалы тобы «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО өндірістік департаментінде және Бас кеңсесінде болып, өз еркімен қан тапсырғысы келетін барлық жұмыскерлерден қан алды. 51 жұмыскер өз еркімен қан тапсырды. - Егер менің қаным бір адамның өмірін сақтап қалса, мен өте қуанышты боламын. Мен жасанды қан алмастырғыштардың жанама әсері және оның қан құрамындағы барлық функцияларды толығымен жаңғырта алмайтынын білемін, сондықтан мен қан тапсырамын», - дейді Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова. Донор қаны күйгендерді құтқару, күрделі операциялар жасау кезінде аса қажет. Қан сонымен қатар, гемофилия, анемиясы бар, онкологиялық науқастарға химиотерапияда маңызды.
Әр адамда шамамен 4,5-5,5 литр қан бар.
Донордан шамамен 10/1 бір бөлігі - 450мл қан алынады.
Қан тапсыру арқылы әрбір донор адам төтенше жағдайларға тап болған басқа адамдарға көмектесе алады.
Республикалық Қан орталығының бригадасы «АлЭС» АҚ-ның барлық ӨД жылжымалы қызмет көрсетуді жоспарлауда.