Еңбек ұжымымен кездесу

2019 жылдың 18-28 ақпаны аралығында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жыл сайынғы есептік  кездесулер шеңберінде «АлЭС» АҚ еңбек ұжымдарында кездесулер өтті. 

Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов өз сөзінде бұл  корпоративтік  әлеуметтік жауапкершілік туралы жетінші есеп екенін атап өтті. Осы аталған есепте еңбекақы қорына, еңбекті қорғауға, қызметкерлерді оқытуға, еңбекке ынталандыру саясатына, ақпараттың ашықтығы саясатына және Әлеуметтік тұрақтылық индексінің нәтижелеріне қатысты көрсеткіштер мен өндірістік көрсеткіштер баяндалған. 

- «Компанияның тұрақты дамуына үлес қосу жауапкершілігімізді сезіне отырып, компаниямыз өз серіктестерінің, қызметкерлері мен әріптес- жеткізушілері, мемлекеттік басқару органдары мен жұртшылық  алдында әлеуметтік - жауапты міндеттемелерді қабылдайды, сонымен қатар  қоршаған ортаны қорғау мен энергияны үнемдеуге үлес қосады» - деді «АлЭС» АҚ  Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхаммед-Рахимов. Біз қызметкерлерге қатысты әлеуметтік жауапты шараларды жүзеге асырамыз және қызметкерлердің қауіпсіздігіне, денсаулығына, оларды ынталандыруға, спорт  іс-шараларына, өмір мен денсаулықты сақтандыруға, қызметкерлерді оқытуға байланысты мәселелерді шешеміз. Еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтау, наразылықты   болдырмау, еңбек дауларының алдын алу,  шешу  шараларын  қарастырамыз.

Компания жыл сайын  зейнет  жасына жеткен қызметкерлердің  құрмет демалысына шығу есебінен құрылымдық бөлім басшыларының құрамы жаңарады, - деп жалғастырды спикер, кадр резервін дамыту стратегиялық сипатқа ие және ол бизнестің кадрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және менеджментті  кадрлық жоспарлау,  дарындарды анықтау, оларды жетілдіру, оқыту  арқылы басқарушы кадр қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады.

 

2018 жылы «АлЭС» АҚ трансформация жобаларын жүзеге асыруды бастады. Бизнесті трансформациялау - бұл кейбір үдерістерді автоматтандыру, оңтайландыру,  кейбірін жою, сондай-ақ бизнестің тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да процестерді құру арқылы компания қызметіндегі ауқымды өзгерістер  бағдарламасы», - деді Нұрлан Мұхаммед-Рахимов. «Трансформация - бұл акциялардың құндылығын арттырудың нысаны мен мазмұны бойынша компанияны өзгертудің күрделі және ұзақ барысы. 

 

Қорытындылай келе, Басқарма Төрағасы қызметкерлер алдында  2019 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты дамуын жалғастыратындығына сенім білдірді.

2019 жылдың 18-28 ақпаны аралығында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жыл сайынғы есептік  кездесулер шеңберінде «АлЭС» АҚ еңбек ұжымдарында кездесулер өтті.