Тең мүмкіндіктерді жүзеге асыру

2019 жылғы 1 наурызда Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің кеңесшілерінің қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ –да тең мүмкіндіктерді дамыту жобасын жүзеге асыру үшін «Алматы электр станциялары» АҚ кездесу өтті. Жоба 2018 жылғы маусымнан бастап іске асырылып келеді және 2019 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.
Жобаның негізгі міндеттері - «Самұрық-Энерго» АҚ–да тең мүмкіндіктерді дамыту жобасын іске асыруға ықпал ету тәсілдерін нығайту, энергетика саласындағы үздік әлемдік тәжірибені қолдану; Қазақстандағы басқа компаниялар үшін де үлгі көрсетуге ықпал ету.

Аталған жоба - ЕҚДБ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тұрақты дамудың басты элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарына, сондай-ақ әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер жасайтын компаниялар мейлінше табысты, әрі жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін растайды.
- «Алматы электр станциялары» АҚ ҚР энергетика секторында, әсіресе мектептер, университеттер мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ақпаратпен қамту жұмысы бойынша тең мүмкіндіктер саласындағы көшбасшы болудың нақты мүмкіндіктері бар.
Компания басшылығы тарапынан тең мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану ұмтылысы бар. Қызметкерлермен өткізген сұхбат қызметкерлерінің «АлЭС» АҚ – дағы еңбек ететіндігін мақтан ететінін растады», - деді Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Асель Арғынбаева.