Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басымдылықта

2019 жылдың 15 ақпанында 1-ЖЭО акт залында Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасы өндірістік департаменттердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлерімен жұмыс кеңесі өтті.

 

- Кеңесте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жасалды. Қауіпсіздік және қорғау саласында орын алған оқиғаға кінәлі тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту жөніндегі мораторий туралы мәселелер қаралды. «Самұрық – Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен аталған Мораторий есептіліктің ашықтығын арттыру және қандай да болмасын орын алған оқиғаның жасырылуына жол бермеу мақсатында енгізіледі. Мораторийдің әрекет етуі мерзімінде жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелерін басқару бойынша жауапкершіліктері артады, - деді Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай.

Жұмыс кеңесіне «АлЭС» АҚ Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің жиырма екі жұмыскері қатысты.