Кәсіп туын биіктеткен саңлақтар

"Алматы электр станциялары" АҚ –да еңбек ететін адамдармен әңгімеле келе олардың өз кәсібіне қаншалықты берілгендігін, қызметтерінің маңызын байыппен түсінесің. Олардың арасында біз үшін үлгі-өнеге болатын, кәсіп туын биік көтерген еңбекқор, білікті тұлғалар көп.

 

Осы ретте әңгімемізді 1 - ЖЭО ауысым бастықтары, «ескіше» ДИС –тер, яғни (станцияның кезекші инженерлері) туралы өрбіткіміз келіп отыр. Өйткені станцияның ауысым барысындағы барлық цехтарында орындалатын технологиялық процестерді бақылау осы тұлғалардың міндеті. Станцияның барлық шұғыл персоналы станциядағы ауысым бастықтарының қарамағанда болады. Оларға жүктелген жауапкершілік деңгейі аса жоғары, себебі түрлі жағдайда олар маңызды шешім қабылдауға міндетті. - Біздің міндетіміз –технологиялық процеске жалпы жетекшілік ету. Ол әрине күрделі әрі орасан еңбекті талап ететін жауапты іс. Қазандар цехы отын жағады, отынның химиялық энергиясы будың кинетикалық энергиясына айналады. Турбина цехы оны механикалық энергияға айналдырады. Генераторлардың көмегімен осы энергия электр энергиясына және жылуға айналады. Станциямыздың ауысым бастықтары, яғни біз осы аталған процестердің бірізді өтуі үшін барлық цехтардағы жұмысты реттеп отырамыз. Ауысым аяқталғанда әр кез мен үйге жақсы сезіммен қайтамын, өйткені қала тұрғындарының шаңырақтарында жылу да бар, жарық та бар - деп түсіндірді Мақсат Астаубаев. Ол 1-ЖЭО –дағы ауысым бастықтарының ішіндегі ең жасы.

- Анам тарих факультетін бітіріп, ұстаз болып жұмыс істеді. Біз ауылда тұрдық. Аталарымыз ұлдарын көбінде мал дәрігері, агроном, тракторист, дәнекерлеуші мамандықтарын игеру үшін оқуға жіберетін, - деп әңгімесін жалғастырды Мақсат Астаубаев. – Дәл сол уақытта мұғалім де, мал дәрігері де болғым келмейтінін түсіндім. Сол кезде Алматы энергетика және байланыс институтының энергетикалық факультетінде оқып жатқан әпкемнің кеңесімен аталған оқу орнына бардым. «Жылу энергетикасы» мамандығын таңдадым. Математика пәнін жақсы көргендіктен, 3 курста материалдар кедергісі пәні басталғанда қуанышымда шек болмады. ЖОО аяқтаған соң жұмысқа орналасу үшін үш рет 2-ЖЭО – ға бардым. Алайда бос жұмыс орны болмаған еді. Таныс жігіттер маған 1-ЖЭО – ға баруға кеңес берді. Тура сол кезде басқарушы директор Исахан Ақтанұлы Сырғабаев техникалық ЖОО бітірген студенттерге қолдау көрсету мақсатында түлектерді жұмысқа қабылдайтын. Осы кісі қолдау жасап, жұмысқа орналасуға көмектескен жас мамандардың арасында мен де болдым. 2008 жылдың ақпан айында турбиналық жабдықтар жөніндегі 4 дәрежелі машинис – қараушы болып жұмысқа қабылданып, желтоқсанда 7 дәрежелі аға машинисі болып ауыстырылдым. Әр 2 ай сайын жаңа лауазымға емтихан тапсырдым. АлЭС басқа компаниялардан басты айырмашылығының бірі – дамуға, өсуге, жетілуге мүмкіндігі беріледі. Өз бетімен білім алуға, өсуге ынталы болсаңыз, талпынысыңыз міндетті түрде қолдау табады, ескеріледі. Көп жағдайда энергетикаға көп жылын арнаған ата- анасының да бағыттауымен, кеңесімен келеді. Андрей Геннадьевич Шевченко да өз мамандығын әкесінің берген бағдары, ақыл –кеңесімен таңдаған.

- Сол уақытта ата-анамыз бізге жұмысшы мамандықтарды таңдау қажет деп кеңес беретін. Әкем 1-ЖЭО қазандық цехында жұмыс істеген. Мектепті аяқтағаннан кейін мен қазандық цехына 2 дәрежелі токарь болып жұмысқа орналастым. Содан кейін барлық жігіттер сияқты мен де әскерге кеттім. Мәскеу қаласындағы үлгілі байланыс ротасына жіберді. Зауытта біз қала қорғанысының екінші сақинасы үшін электр техникалық жабдықтарды жасап қондырдық. Әскерден келген соң досым екеуміз 1-ЖЭО отын-көлік цехына жұмысқа орналастық, ол уақытта цех бастығы Виктор Петрович Гапонов еді.

Біз сорғыларды жөндеумен, таспаларды жабыстырумен, шикі көмірдің қоректендіргіштерін жөндеумен айналыстық. Автоматтық реттеу жүйесінің құралдарын баптау жөнінде теориялық білім алу мақсатында Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ЖОО оқуға түстім. Жылдар өткеннен кейін Алматы энергетика және байланыс институтының «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша қайта оқуға түсіп, 2006 жылы жоғары білім алдым. Содан кейін станцияның ауысым бастығы лауазымына емтихан тапсырдым. Мен бір нәрсеге нық сенімдімін: жұмысқа деген қызығушылық – мансапқа жету жолындағы ең маңыздысы. Егер өз біліміңді жүйелі толықтырып, тәжірибеңді арттырып отырсаң міндетті түрде нәтижеге жетесін, сені байқайды және қолдайды. Әр адамның өзіне деген сенімі болуы тиіс. Неге энергетика? Біз осы сұрақты аға буын әріптестерімізге жиі қоямыз. Бұл сұрақты Сергей Николаевич Никифоровқа да қойдық.

- 9 сыныпты аяқтағаннан кейін мамандық таңдауда қатты ойланған да емеспін. Электрик мамандығына колледжге оқуға түстім. Үйімнің жанында болғандықтан, мақсатым 1-ЖЭО-ға жұмысқа орналасу болды. Менің алғашқы ұстазым өз әкем, жұмысына жанын берген Никифоров Николай Викторович болды. Ол 1-ЖЭО электр цехынде қызмет атқарды. Маған әртүрлі сызбаларды құру өте қызықты болатын. Қызығушылығым мақсатқа айналды.

Әрине, оңай болған жоқ! Бірақ қиындықтарды жеңу қызықты үрдіс қой. Кезінде колледждегі мұғаліміміз үнемі айтушы еді: «Ауысым бастығы болғанда мені түсінесіңдер деп». Осы сөзі маған қазіргі лауазымыма жетуіме ықпал етті. Бұл сөздердің мағынасын түсінуге деген бозбалалық қызығушылық станцияның ауысым бастығы болуыма көп көмегін тигізді. Енді ғана мен осы сөздердің мағынасын толық түсінемін. Осыны ұстазыма айтқым келеді. Елкин Александр Михайлович – Алматыда дүниеге келген. Ол тарих мұғалімі болған, алайда Кеңес одағы ыдыраған тұста жаңа мамандықты игеру қажет болды. Солай ол Алматы энергетика және байланыс институтына оқуға түсті. Сол жерде өзінің болашақ жарын кездестірді.

ЖОО–ны аяқтағаннан кейін 1-ЖЭО турбиналық цехына сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмысқа орналасты. - Өз мүмкіндіктерімнің кең екенін әрдайым сезінетінмін. Лауазымдарға емтихан тапсырып және әрі қарай ұмтылуға мақсат қоятынмын. Сергей Григорьевич Борозенцевті мен турбиналық цехтың ауысым бастықтарының ішіндегі ең үздігі деп білемін. Ол маған көп қолдау көрсетті, тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар маған көп нәрсені үйреткен Владимир Алексеевич Овчинников деген ұстазым болды. Станцияға келгеніме 27 жыл толыпты. Осы уақытта 1-ЖЭО екінші үйіме айналды. Александр Михайлович қазіргі уақытта өз тәжірибесімен жас буын энергетиктерімен бөлісуде. Ұжымда үлкен құрметке ие. Жоғары сыныптарда оқушылар «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына шығарма жазады. Біздің келесі кейіпкеріміздің техника мен электр тоғына деген қызығушылығы болашақ мамандықты таңдауына ықпал еткен. Ол өз шығармасында электрик болам деп жазған екен. Зейнолла Мырзағалиұлы Утепов Атырау облысының Махамбет ауданының Испуль ауылында туып өскен.

Әкесінің жақсы досы ауыл электригі еді, қонаққа жиі келіп тұратын. Қонақ ретінде келсе де, кез келген техниканы еш қиындықсыз жөндейтін. Ол өзімен бірге ол құрал-саймандары салған шағын чемодан алып жүретін. Ол үйлердегі токпен байланысты кез келген мәселені лезде шешіп, ауылдағы электрмонтаждау жұмыстарын да істейтін. Зейнолла Мырзағалиұлы үшін сол адам үлгі болды. Ол өз ісінің шебері еді дейді. Мектепті аяқтағаннан кейін Алматы энергетика және байланыс институтына оқуға аттанды. «Электр машиналары» пәні бойынша сабақтардан ешқашан қалмаған. Оқу орнын аяқтағаннан кейін жолдама бойынша 1-ЖЭО электр цехына жұмысқа орналасты. Кейін әскерге барып қайта станцияға оралды.

- Менің жетекшім электр цехының ауысым бастығы Юрий Федорович Митко болды. Өкінішке орай, ол кісі арамызда жоқ. Ол жұмыс орындарының дайындығына көп көңіл бөлетін. Қауіпсіздік техникасын бірінші орынға қойятын, өйткені оны сақтау адам өмірін қорғаудың негізі болып табылады дейтін. Қызметкерлерге нарядтар бойынша жұмысқа рұқсатты өзі беретін, жалықпай әр жұмысшымен ҚТ ережелерін пысықтайтын, өндірістің аса қауіпті жерлерінде қосымша плакаттар ілетін.

Өкімдер бойынша жұмыс істеу кезінде бізге кіруге болмайтын жерлердің сызбаларын ойша сызып беретін. Өз жолдастары мен әріптестерін аса бағалайтын. Мен өзім де көптеген жас мамандарға жетекші болдым. Ерекше Мақсат Астаубаевты айта аламын. Оның жанарында әрдайым жаңа білімге деген құштарлық сезіліп тұрады. Еріксіз көрсетіп үйреткім келеді. Өйткені жастар жаңа білім алуға талпынған кезде оны қолдап көмек көрсету қажет. Қазір ол менің әріптесім. Өзімнің 3 балама мамандық таңдауда еркіндік бердім. Мамандық пен махаббат мен үшін ұқсас ұғымдар.

Сүйікті адамын таңдауда ешкімге кеңес беруге болмайды. Бұл мамандыққа да тиесілі. Мамандыққа деген махаббат міндетті түрде болуы қажет. Жұмысқа деген қызығушылық болмаса еш қанағатсыз тек ағынмен, ақша алу үшін ғана өмір сүресін. Шығармашылықты сүйсең – арманыңа ұмтыл, математиканы сүйсең – экономист бол, спортты ұнатсаң – спортпен айналыс. Жалпы айтқанда өз мамандықтарыңды сүйіңдер!».

Күн сайын әріптестерге ауысымды тапсыра отырып бір-бірімізге апатсыз жұмыс тілейміз. Бұл біздің жұмысымыздағы ең маңызды тілек. Ал бір дәрежемен көп жыл отырған жігіттерге айтарым: «Достар, өзгерістер мен жауапкершіліктен қорықпаңдар! Егер өндірісте әр күн сайын бір жаңалықты игеріп, жаңа білімге кем дегенде 15 минут уақыттарыңды қисаңдар бұл өз білімдерің мен дәрежелеріңді көтеруге, жаңа лауазымға өтуге ықпалын тигізеді. Сендерде өз білімдеріңді ұлғайтуға көптеген мүмкіндіктер бар. Аға буын кітапханаларға барып көптеген кітаптардың ішінен ақпарат іздеген. Ал қазір Гугл бар, және Википедия жасасын! Кез келген ақпаратты табуға болады. Барлық ақпаратты онлайн режимінде де оқуға болады, интернетте көптеген электронды кітаптар бар. Достар, біз сендерің өз білімдеріңді жетілдіруге деген қызығушылықтарыңның артуына шын жүректен тілектеспіз. Біздің станцияда үлгі алуға болатын және көп нәрсені үйренуге болатын адамдар бар. Сендер жастық шақтарыңда осындай керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңдар!» - дегім келеді.