Каскад ГЭС: жөндеу жұмыстары

Каскад ГЭС –нің 1-ГЭС қатар негізгі гидростанцияларының бірі болып табылатын 2-ГЭС туралы әңгіме өрбітеміз. Оның Каскад ГЭС өндірістік қызметіндегі маңызын түсіндіру үшін 2018 жылдың қорытындысы бойынша құрамында 9 гидростанция бар жалпы департаменттің электр энергиясын өндіру көлемінің 39% құрағанын айтқанымыз жеткілікті дәлел. Сондықтан пайдалану сенімділігін тұрақты қамтамасыз ету ең әуелі 2-ГЭС үш гидроагрегатының техникалық жай- күйіне тәуелді.

А-3 гидроагрегатын ашып жөндеу

Әр гидроагрегат гидромеханикалық және электротехникалық жабдығынан, басқаша айтсақ, турбина мен қуаты 4,6Мвт генератордан тұрады. Олардың апатсыз тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі өндіруші жабдықтың күйін тұрақты бақылап, ақауларды уақтылы жойып, мүмкіндігінше олардың алдын алып отыру қажет. 2-ГЭС-інің 1959 жылдан бастап қолданыста екенін және онда кезекті персоналдың жоқтығын ескеретін болсақ, осы айтқан міндеттерді орындау оңай шаруа емес. Станция Каскад ГЭС ауысым бастығы тарапынан телемеханикамен басқарылады және тәулігіне екі рет, автоматты режимде жұмыс істейтін басқа станциялармен қатар кезекті инженердің бақылауында болады. Бақылау нәтижесі бойынша станция журналына жабдықтар жұмысындағы бұзушылықтар және анықталған ақаулар туралы жазба жазылады. Бірі шұғыл түрде жөнделеді, ал бірі станцияны қысқа мерзімге, яғни бірнеше сағатқа тоқтату арқылы түзетіледі, ал кейбір ақаулар гидроагрегатты ішінара немесе толықтай бөлшектеп жөндеу үшін диспетчерлік өтінімге сәйкес бірнеше тәулікке дейін тоқтаталады. Жөндеу жұмыстары ағымдық және күрделі деп екіге бөлінеді. Жинақталған ақаулар жөнделетін және жеке бөлшектер ауыстырылып, гидромеханикалық және электротехникалық жабдықтарға қызмет көрсетілетін алдын алу шаралары орындалатын ағымдық жөндеулер шаруашылық тәсілмен (басқаша айтқанда - өз күшімен) жылына бір рет өткізіледі. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу мерзімділігі «Электр станциялары және желілері ПТЭ» регламенттеледі және 5 жылда бір рет өкізіледі. Сәйкесінше күрделі жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемі анағұрлым ауқымды және гидроагрегаттың негізгі тораптарын ауыстыру (мысалы, турбина білігін ауыстыру) немесе генератор орамдарын қайта орауды қамтуы ықтимал. Әрине, мұндай жұмыстар тек сәйкесті жабдығы, жөндеу базасы және білікті персоналы бар мамандандырылған мердігерлік ұйыммен орындалады.

ЭМЦ бастығы Сергей Киселев

«Бүгінде Каскад ГЭС жөндеу-эксплуатациялық персоналы №3 гидроагрегатында ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруда, -деді электр -механикалық цех бастығы Сергей Киселев. – Аталған агрегат ішінара бөлшектелді, генератордың бүйірлік қақпақтары мен турбина қақпағы алынды. ЭКЖ (электр күштік жабдық) тобының электриктері генератор бөліктерін тексеріп, сығымдалған ауамен үрлемелегеннен кейін ротор полюстері мен полюс аралық бекіткіштерін тексереді, пайдаланған қылшақтарды ауыстырады және қылшақ ұстағыштарды реттейді, қоздырғыш коллекторын күйге келтіріп, тегістейді, орамдар кедергісінің параметрлерін өлшейді.

ЭМЦ слесірі Н.Л.Худайбергенов генераторлық мойынтіректердің термосигнализаторларын орнатады

Автоматика, өлшеулер және байланыс цехының (АӨжБЦ) мамандары да осында жұмыс істейді. Олар өз қарауындағы жабдықтарды – АГП панельдерін, АрВ және УБВ құрылғыларын, қозу кабельдерін және т.б. ревизиядан өткізеді.

АӨжБЦ инженері Р.С.Омиралиев пен электр монтер Д.Ж.Картен генератордың қозу тізбегінің параметрлерін өлшеуде

Турбинаны қарап, жөндеуге дейінгі жалпы ахуалын тексеріп болғаннан кейін, реттеу жүйесі мен автоматты басқару механизмдері мен құрылғыларының сипаттарын алып, жұмысын тексереді, манжеттер мен тығыздағыш аралық төмемдерді ауыстырады, барлық саңылауларды тексеріп, реттейді, гидроагрегатты ашу барысында немесе бұрын анықталған барлық ақауларды жойып, кемшіліктерді түзетеді және т.б.

ЭМЦ ГМЖ слесірлері П.В.Хижниченко мен А.С.Атутан МНУ сорғысын тексеруде

Жоспарлы, сондай ақ алдын ала қарастырылмаған жөнлеу шараларының барлығы аяқталған соң гидроагрегат жиналады, сыналады және нәтиже дұрыс болып танылса, әрі қарай пайдалануға беріледі. Осы айтылған іс- шараларды атқаруға 9 күн берілген: «АлЭС» АҚ бас инженерімен бекітілген кестеге сай 2-ГЭС №3 гидроагрегатын жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың 5 ақпанында аяқталуы тиіс.

МНУ тораптарын ақауға тексеру

Ақпанның алғашқы аптасы жұмыстың қызған шағы. Алайда осындай қарбалас шақта қауіпсіздік техникасының ережелерін барлығы сақтайды.

Электрмен дәнекерлеуші А.А.Колесников жұмыс дөңгелегін жөндеуде

Жұмыстар ережелерге сәйкес орындалады, персонал қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, жұмыс орны қоршалған және тиісті ескерту плакаттары ілінген. Осы талаптардың орындалуына Каскад ГЭС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметі бақылау жүргізеді.

ЕҚ және ЕҚҚ аға инспекторы Н.В.Гранкинаның жұмыс орындарына тексеру жүргізу сәті