АлЭС: МБЖ ресертификациялық аудит өтті

2019 жылдың 14 қаңтарынан бастап 16 қаңтары аралығында TUV NORD халықаралық сертификаттау органы аудиторлары «АлЭС» АҚ МБЖ қайта сертификаттау аудитін өткізді. Қайта сертификаттау аудитінің шеңберінде халықаралық стандарттар талаптарының орындалуына тексеру жүргізілді. Аудит конструктивті формада өтті. «Компания басшылығы МБЖ іске асырылуына қолдау көрсетіп отырады. Менеджменттің біріктірілген жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүйелі орындалуда, - деп атап көрсетті Канат Шалгынбаев, TUV NORD халықаралық сертификаттау органының аудиторы. – Аудит нәтижесінде халықаралық стандарттар талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жоқ, аудиторлардың есебінде оны жетілдіру әлеуеттері анықталды». Аудиторлар ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007, ISO 50001:2011 талаптарына сәйкестік сертификатын беру ұсынылды.