Қапшағай ГЭС лимонарийі

       Лимон — терең тарихы көне замандарға кететін цитрус тұқымдас жеміс. Лимонның отанын нақты атау қиын, дегенмен тарихшылар Гималай тауларының алқабын атайды. Лимон туралы жазбалар біздің эрамызға дейінгі 2000 жылдармен белгіленеді. Кейінірек лимон ағашы Месопотамияға, одан Азия және Еуропа елдеріне жетті. Бүгінде дүниежүзі бойынша 14 млн тонна лимон жиналады екен. Үндістан мен Мексика көшбасшы саналады (әр қайсысы дүниежүзілік өнімнің 16%).

       Қапшағай ГЭС лимонарийі —90 жылдардан басталатын бай тарихы бар шағын оранжерея.

       - Қапшағай ГЭС бұрыңғы басқарушы директоры Виктор Андреевич Ивановтың бастамасымен 1996 жылы станцияға өсімдіктер мен жеміс ағаштары тәлімбағынан лимондардың алғашқы көшеттері әкелінді. Олардың арасында лимонның түрлі сұрыптары - қабығы қалыңы да, жұқасы да бар болды. Көшеттер нәзік, әлжуаз еді. Әкелген түрлі лимон сұрыптары көшеттерінің барлығы бірдей дерлік тамыр кете қойған жоқ, өкінішке орай. Алайда жылдан жылға қарай көшеттер нығайып, қамқорлық пен мұқият баптаудың нәтижесінде күш жинап, тамыр алды, бүршіктенді, ақырындап жеміс беретін ағаштарға айналды. Жас өскін көшеттердің жерін ауыстыру, тамыр тартып кетуімен байланысты көптеген қиындықтар болды, әрине, - дейді көп жылдан бері үлкен сүйіспеншілікпен лимонарий ағаштарына күтім жасайтын, бағбан, өндірістік үй-жайлардың еден жуушысы Галина Егоровна Кожушко. Цитрус тұқымдастарын баптау жөніндегі аса құнды тәжірибесі мол Галина Егоровна пайдалы жеміс ағаштарын үлкен баппен күтеді.

       Қапшағай ГЭС –інде лимон ағашының алғаш жеміс берген күні белгісіз. Қазіргі уақытта 9 лимон ағашы жыл сайын жеміс береді (90 данаға дейін) және станция қызметкерлерін хош иісімен, жасыл жапырақұтар арасындағы сап сары жемісімен қуантып, көңіл күйлерін көтереді.