«Алматы Электр Станциялары» АҚ жаңа активтерін жасауға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға салынатын инвестициялар

    2014 жылы 468,5 млн теңге сомасында төленген дивиденттерді  және капиталдандырылған пайыздардың 2015 жылғы болжам бойынша жоспарлы шамадан 99,5 млн теңгеге төмендегенін ескере отырып, ҚР Энергетика министрлігімен 2015 жылға жасалған келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «АлЭС» АҚ инвестициялық міндеттемелерінің көлемі өзгерістер есебімен 15 072,1 млн теңгені құрайды, соның ішінде меншікті қаражат есебінен 5 406,0 млн теңге, қарыз қаражат есебінен  9 666,1 млн теңге