Маңызды кәсіп. Әр жыл сайын желтоқсан айында Қазақстанда энергетика күні мерекесі – энергетика саласының қызметкерлерінің сіңірген еңбегін танып құрмет көрсету күні мерекеленеді.

Маңызды кәсіп. Әр жыл сайын желтоқсан айында Қазақстанда энергетика күні мерекесі – энергетика саласының қызметкерлерінің сіңірген еңбегін танып құрмет көрсету күні мерекеленеді.

Бұл ретте энергетика қызметкерлері елдің экономикалық дамуындағы да, қарапайым адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және қолдауындағы да сіңірген еңбегімен танылады.

Энергетик мамандығын, мысалы экономист немесе заңгер мамандықтары сияқты танымал немесе сәнді деп атау мүмкін емес. Ол пайдалы және беделді емес, бірақ сонымен бірге қарапайым да емес және өте жауапты.

Көбінесе электр және жылу энергиясы біздің үйлерден кеткен кезге дейін біз оның барлық мәнін түсінбейміз. Дәл сол кезде кәсіптің бүкіл маңыздылығы бірінші кезекке шығады. Жарық күту кезінде барлық адам тең болып шығады: заңгерлер де, экономистер де, аула тазалаушылар да. Электрсіз және жылусыз, қараңғылықпен бетпе-бет қалып, адам тұрмыстық проблемалардың алдында қорғансыз болады.

Өздеріңізге белгілі болатындай, Алматы үшін жылу және электр энергиясын «Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) компаниясы өндіреді. Оның қатарында үш жылу электр орталықтары бар: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, екі гидроэлектр станция – Каскад ГЭС және Қапшағай ГЭС және Батыс жылу кешенінің (БЖК) қазандықтары.

Осы мерекелік күнде «АлЭС» компаниясының басшылығы шын ықыласпен Қазақстан Республикасы энергетикасының қалыптасуымен байланысты ауыр жол бастаған өз ардагерлерін құттықтайды. Олар соғыстан кейінгі ауыр жылдары іс жүзінде аса ауыр жүктемелерді орындады. Біз бүгінгі біздің жетістіктерімізбен ардагерлерге міндеттіміз.

Қазіргі жоғары технологиялар кезінде бүгінгі адамға мұндай жағдайларда қалай жұмыс істеуге болатынын елестету қиын болатын еді. Бірақ ардагер-энергетиктер бәрібір тұрақты өсіп келе жатқан жүктемелерді орындап шықты. Сонымен қатар, әрбір цехте өз шеберлігі жоғары гильдиясының мамандары болды, солардың шеберлігімен энергетиктердің өсіп келе жатқан ұрпақтары бүгін де тамсанады.

«АлЭС» АҚ қала тұрғындарына энергия мен жылуды үздіксіз беріп тұру үшін өз өмірлерін энергетикаға арнаған білікті мамандар штаты еңбек етуде. Бүгін «АлЭС» компаниясының 10 пайыз қызметкерлерінің еңбек өтілі – он бес жылға дейін, ал 28 пайызының еңбек өтілі – он бес жылдан астам, сондықтан жас буынды кәсіпқойлыққа үйретуге мамандар жеткілікті.

Мысалы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, КСРО құрметті энергетигі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Кежек Ысқақов бар. Ол өз еңбек жолын электромонтерден бастаған және кейіннен 1-ЖЭО электр цехының бастығы болды. Сонымен қатар, «Алма-атаэнерго» РУЭХ бас инженері болып жұмыс істеген энергетика экс-вице министрі Кенжемурат Дукенбаев.

Қазақстанның энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы Советхан Нурпеисов те үлесін қосты. Ол да өз еңбек жолын релелік қорғау қызметінде бастаған. Советхан Сейткалиевич әлі күнге дейін қызметте. Ардагерлер кеңесін басқара отырып ол өз әріптестерімен энергетика саласындағы мәселелерді көтеріп оларды шешу жолдарын іздейді. Сондай-ақ, 1-ЖЭО турбиналық цехы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген, «АПК» ЖАҚ бас директоры Валерий Торламбаев бар. «Қазэлектропрофсоюз» төрағасы Ахмет Қалиев. Ардагер өз еңбек қызметін кезекші слесарь болып бастаған, және мансабымен көтерілу кезінде 1-ЖЭО турбиналық цехы бастығының орынбасары болды. «Алма-Атаэнерго» ПОЭЭ бас директоры Алтай Кадыржановтың еңбек жолы Алматылық 1-ЖЭО-дан басталды; «АПК» АҚ бас инженері Рафаил Сайфутдинов кезекші электрмонтер болып бастаған; «Самұрық-энерго» АҚ басқарма төрағасының қазіргі кеңесшісі Есберген Абитаев бір кездері өз жұмыс қызметін – ЖЭО-дағы қазан машинисті болып бастады.

Батыс Жылу кешенінің (БЖК) басқарушы директоры Жұмағали Ормамбеков және Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Василий Казначеев энергетика саласына 42 жыл арнаған.

Анатолий Тимченко энергетикада 48 жыл жұмыс істеді. Қазір ол 1-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары болып еңбек етеді. Виктор Гапонов Алматы 1-ЖЭО отын-көлік цехінің тепловоз жүргізушісі болып бастады. Ол энергетикада 51 жыл жұмыс істеген, бүгін ол – 1-ЖЭО басқарушы директорының орынбасары. Аманғазы Баймухамбетов энергетикада 45 жыл бойы жұмыс атқарды. Алма-ата ЖЭО-ға жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарь ретінде қабылданды. Қазіргі уақытта отын-көлік цех бастығының лауазымына ие болды.

3-ЖЭО аға ауысым бастығы Виктор Романенко, қазандық цехының ауысым бастығы Петр Жарков, 3-ЖЭО-дағы отын-көлік цех бастығының орынбасары Василий Минин, ГЭС Каскадының жабдықтарды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер Виктор Рассказов, Қапшағай ГЭС басқарушы директорының орынбасары Владимир Гуляев өмірлерінің 40-тан астам жылдарын энергетикаға арнады. ГЭС Каскадының гидротехникалық цех бастығы Сергей Попов энергетикаға 37 жыл арнады.

Ардагерлер жас мамандармен өз шеберлігі құпияларымен бөліседі. Компания басшылығы ардагерлеріне тек мереке күндері қамқорлық танытпайды. Мұнда жыл бойы ардагерлерге жәрдемдесу бағдарламасы жұмыс істейді, өйткені компанияның басты құндылығы – бұл компанияда жұмыс істейтін және компания олар үшін жұмыс істейтін адамдар.

Қымбатты ардагерлер, Сіздерді тағы да мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге бақыт, жұмыста сәттілік және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Ирина ТУЛИНОВА