«АлЭС» АҚ-да жылуға арналған тарифті жоғарылату бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

«Алматы электр станциялары» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады және жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.

«АлЭС» АҚ 2012 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департаменттеріне 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізе отырып, жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтеріне арналған тарифті бекіту туралы өтінімді жолдады.
Қоғамдық тыңдауларға Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша уәкілетті органдардың өкілдері, басты тұтынушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері қатысты.
«АлЭС» АҚ-ның қызметі туралы ақпаратты Басқарма Төрағасы Мұхамед-Рахимов Нұрлан Тауфикұлы баяндады. Жылу энергиясын өндіру бойынша қызметтерге арналған қолданыстағы тариф 2012 жылдың 10 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2 299,71 теңге/Гкал көлемінде төтенше реттеуші шара ретінде бекітілді.
Жылу энергиясын өндіру бойынша шығындардың өсуіне байланысты, қолданыстағы тариф жылу энергиясын өндіру бойынша іс жүзіндегі шығындарды өтемейді. Шығындардың өсуінің негізгі себептері:
• Алматы қ. жылу энергиясын және ыстық суды пайдалану көлемінің азаюы;
• жылу көздері бойынша «АлЖЖ» ЖШС-мен белгіленетін режимдерге сәйкес, 2-ЖЭО-да жылу энергиясының өндірісі азайды, ал БЖК-да көбейді, бұл өз кезегінде отын шығындарының артуына алып келді;
• «Бастау» ЕМҚК сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифті енгізу;
• теміржол көлігі қызметтері бойынша тарифтердің өсуі;
• Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерінің және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың күшеюі