«АлЭС» АҚ-та жылу тарифтерін көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

«Алматы электр станциялары» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады және жылу энергиясын өндіру қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген.

«АлЭС» АҚ 2012 жылдың қазан айында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменттеріне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге тарифті 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізе отырып бекітуге арналған өтінім жасады.

Қоғамдық тыңдауларға Алматы қаласы мен Алматы облысының уәкілетті органның өкілдері, негізгі тұтынушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Басқарма төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов «АлЭС» АҚ қызметі туралы есеппен таныстырды. Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге арналған қолданыстағы тариф 2 299.71 теңге / Гкал мөлшерінде төтенше реттейтін шаралар ретінде бекітілген, 2012 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Жылу энергиясын өндіруге арналған шығындардың өсуіне байланысты қолданыстағы тариф жылу энергиясын өндіру бойынша нақты шығындарды жаппайды. Шығындар өсуінің негізгі себептері:

• Алматы қаласында жылу энергиясы мен ыстық су тұтыну көлемі қысқартылды;

• жылу көздері бойынша «АлТС» ЖШС белгілеген режимдерге сәйкес жылу энергиясының өндірісі 2-ЖЭО-да төмендеді, ал БЖК-де көбейтілді, бұл отынға арналған шығындардың ұлғаюына әкелді;

• «Бастау» МКК сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізілді;

• темір жол көлігі қызметтеріне арналған тарифтердің ұлғаюы;

• Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерін және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар күшейтілді.