«АлЭС» энергия көздерін жаңғырту

Кез келген ауа райында алматылықтардың үйлері жылы және ыңғайлы болу үшін бір топ маман жұмыс істейді

Ұзақ мерзімді инвестиция

Әңгіме Алматы қаласы және облысы үшін жылу және электр энергиясын өндіретін «Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) Компаниясы жайлы болып отыр. Бүгінгі күні өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен облысының 60 пайыздан астам қажеттілігін жабады. Компания жаңа жылыту маусымына дайын.

Өндіруші жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында энергия көздері үшін қажетті отын, химиялық реагенттер және қосалқы бөлшектер қоры уақтылы құрылды. Сол уақытта, электр және жылу энергиясын аралас өндіру негізінде Алматы электр жүйесінің қалыптасуы өткен ғасырдың 60-шы жылдары ескеріледі және осы күнге дейін бірыңғай технологиялық циклінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда «АлЭС» құрамына электр және жылу энергиясын өндіретін үш электр жылу орталықтары – 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО кіреді. Екі су электр станциясы – ГЭС Каскады және Қапшағай ГЭС – электр энергиясын өндіреді. Қазір компания «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының бір бөлігі болып табылады. Мәселе мынада, барлық Алматы станциялары орта есеппен алғанда қырық жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді және жақында негізгі құрал-жабдықтардың тозуы 60-тан астам пайыз құрады. Осындай жағдай елдің басқа энергетикалық нысандарында да болып жатыр. Осыған орай, 2009 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі 2015 жылға дейін ұзақ мерзімге электр энергиясын өндіру үшін шекті тарифтер бекітті. Соның арқасында еліміздің электр станциялары, оның ішінде «АлЭС» АҚ, негізгі және қосалқы жабдықтарды ауыстыруға, жаңғыртуға, қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларды жасауға мүмкіндік алды. Компанияның шекті тарифтерден алынатын пайда инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы бағдарламалардың орындауын бекітеді және қадағалайды. Бұған қоса, 2007 жылы компания табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілді, сондықтан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлЭС» АҚ тарифтік және инвестициялық саясатын тексеріп, бекітеді және қадағалайды.

Өскелең қажеттерді қанағаттандыра отырып

2009 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі электр энергиясының шекті тарифтерінен түскен пайда және жылу энергиясының тарифтерінен түскен табыс есебінен 34,5 млрд. теңгеден астам сомаға инвестициялық шаралар жүргізілді.Соның ішінде 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО желдеткішті суытқыш градирнялар қайта жөндеуден өтті. ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 күл тұтқыш қондырғылары мен қазан агрегаттарының оттық құралдарының жаңғырту өткізілді. 110 кВ ажыратқыштарды ауыстыра отырып 1-ЖЭО және 2-ЖЭО ашық тарату құрылғылары (АТҚ-110 кВ) қайта құрылды. Үш ЖЭО-да заманауи тұзсыздандыру қондырғылар пайдалануға берілді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) енгізілді. Жаңарту диспетчерлік телебасқару және байланыс жүйесін (ДТББЖ) тиді. 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл үйінділері жаңартылды және кеңейтілді. Қазандықтар мен турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Негізгі қор ішінара жаңартылды.Нәтижесінде жылына 585 миллион кВт/с электр қуаты өндірісінің ұлғаюымен «АлЭС» АҚ энергия көздерінің қолданымдық қуаты 120 МВт-қа өсті. Негізгі құрал-жабдықтардың сенімділігі арттырылды – жұмыс апаттылығы 2009 жылмен салыстырғанда 32 пайызға қысқартылды. Зиянды заттар шығарындылары жылына 11 мыңнан астам тоннаға қысқартылды. Үш ЖЭО-дағы күл үйінділердің қайта құрылуы жылу мен электр энергиясын үздіксіз өндіруді және сенімділікті көтерді. Технологиялық қажеттіліктері үшін су тұтынуы жылына үш миллион текше метрге азайды. Коммерциялық электр энергия шығындары төмендеді. Алайда, белгілі болғандай, мегаполис сәтті өсіп, дамып келеді. Алматыда жаңа үйлер, мектептер мен ауруханалар салу үшін мемлекеттік бағдарламалар іске асырылады. Алайда жылу және электр энергиясының қажеттілігі де өседі. Қаланың жылу және электр энергияда өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «АлЭС» АҚ жаңарту, қайта жаңарту, қолданыстағы активтерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі инвестициялық саясатын, сонымен бірге жаңа энергия көздерін салуға жалғастырады. Осы шаралардың барлығы Алматы қаласы мен облысын энергиямен үздіксіз және сенімді қамтамасыз ету үшін қажетті болғандықтан жүргізіледі.

Инвестицияларды жылу мен электр энергиясын өндіру технологиясының сипатымен анықталатын жобалардың басымдылығына және экономикалық тиімділігіне сәйкес орындауға жоспарланып отыр. Сондықтан, мысалы, 2017 жылға дейін компания 100 млрд теңге жалпы сомасына бірқатар ірі стратегиялық жобаларды іске асыруға жоспарлап отыр. Олардың ішінде 2-ЖЭО бойлер бөлмесінің құрылысы қарастырылған. Бұл жоба тұтынушыларға жылу энергиясын жеткізуді арттыру үшін қажет. 2-ЖЭО-дағы құрылыс жұмыстары 2011 жылы басталып, 2013 жылдың жазында аяқталады. №8 қазан агрегатын құру арқылы 2-ЖЭО кеңейту жоспарланып отыр. Бұл объектілер электр және жылу энергиясын өндіруді арттыру үшін қажет. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталып 2015 жылы пайдалануға беріліп аяқталады.

Жаңа энергия көзі

Соңғы жылдары, қала әкімшілігі қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Осыған байланысты, атмосфераға зиянды шығарындыларын бақылайды, елордалық экологияны жақсартуға бағытталған басқа да бірқатар шаралар өткізеді.

Қаланың экологиялық ахуалына энергия көздерінің теріс әсерін азайту қажеттілігі бойынша әлеуметтік шиеленісті жою үшін газға ауысу және ГТҚ орнатумен Алматы 1-ЖЭО-ны қайта құру және кеңейту жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Осы жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді және көп ұзамай жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады.Табиғи және сапалық жағынан ескірген жабдықтарды ауыстыру, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді арттыру мақсатында ГЭС каскадын қайта жаңарту және жаңғырту жобасы жүзеге асырылады. Нәтижесінде, 2018 жылға қарай станцияның орнатылған қуаты 11,3 МВт-қа, ал электр энергиясының өндірісі жылына 42 млн. кВт/сағ. өседі. Қапшағай ГЭС шыңдық қуатын арттыру мақсатында жаңа энергия көзін – Іле өзеніндегі контр реттегіш Кербұлақ ГЭС салу жоспарланып отыр. Станция қуаты – 33 МВт, ал электр энергиясының жылдық өндірісі шамамен 245 млн. кВт/сағ. болады. Бұған қоса станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және Алматы тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтау үшін 2-ЖЭО күлқож шығару аралас жүйесін қайта құру кезең-кезеңмен өтетін болады.

Жобалар банктің кредиттік қаражатынан, электр энергиясына шекті тарифтерден түсетін табыс есебінен, жылу энергиясына тарифтерден түсетін табыс есебінен, және ішінара республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Кең ауқымды қайта құруға және ірі жоспарларға қарамастан, «АлЭС» АҚ басшылығы өз қызметкерлері туралы ұмытпайды, оларға жыл сайын кәсіпорындағы еңбекті қорғау үшін миллиондаған теңге бөледі.

2011 жылы халықаралық еңбек қауіпсіздігін басқару стандарттары енгізілді. Қиын және қауіпті жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер, міндетті медициналық тексеруден өтеді, тегін сүт және дәрі-дәрмектер алады. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға көп назар аударылады.

Астанада өткен Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі «KIOSH-2012» Халықаралық конференциясы және көрмесінде, «Алматы электр станциялары» АҚ «Сенім» байқауының «Жылдың үздік Қауіпсіздік компаниясы» номинациясында I орынға ие болды. Бұл байқау «Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы – Қазақстан» ЖШС-мен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүзеге асырылған.

Биылғы жылы компания жабдықтардың технологиялық істен шығу санын қысқартуға, жарақаттанудың алдын алуға, қызметкерлерді жоғары сапалы арнайы киім мен аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек жағдайларын жан-жақты жетілдіруге назар аударады.

Ирина ТУЛИНОВА

Тел. 292-74-08