Сенімді іске және дамытуға инвестиция жұмсау (2011 жылы «АлЭС» АҚ және ҚР ИЖТМ арасындағы Инвестициялық келісімді орындау)

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен жасалған 12.12.2011 ж. №179 қосымша инвестициялық келісімге сәйкес «АлЭС» АҚ 2011 жылға арналған инвестициялық міндеттемелері 7 056,3 млн. теңге мөлшерінде қарастырылған, оның іс жүзіндегі орындалуы 7 554,2 млн.теңгені (107,1 %) құрады.

Инвестициялық келісім шеңберінде мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:

  1. өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған, соның ішінде:

  • технологиялық үдерісті кері осмос технологиясын қолдануға аудара отырып, 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО тұзсыздандыру қондырғысы қайта құрылды;

  • Покровский жерасты суы кен орнында 3-ЖЭО өнеркәсіптік су алу кеңейтілді. 3-ЖЭО№3,4 артезиан ұңғымалары бұрғыланды;

  • «АлЭС» АҚ департаменттері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ), диспетчерлік телебасқару және байланыс құралдары (ДТББҚ), жедел ақпараттық кешені (ЖАК) іске қосылды және т.б.;

  1. өндіріс деңгейіне қолдау көрсету бойынша, соның ішінде:

  • 1-ЖЭО ГТП қайта құрылды;

  • 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО ашық тарату құрылғысының АТҚ-110 кВ жабдықтарын қайта құрылды;

  • 2-ЖЭО № 5 ст. турбогенераторды қоздыру жүйесін қайта құрылды;

  • 3-ЖЭО №1,2,3 секцияла қазандары мен турбина құбырлары және байланыстырушы бу коллекторы қайта құрылды;

  1. 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО объектілерін қорғау жөніндегі ic-шаралар 04.09.2003 ж. ҚР Үкіметінің № 901 «Мемлекеттік қорғауға жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» қаулысына сәйкес орындалды;

  1. табиғат қорғау ic-шаралары, оның ішінде:

  • Инвестициялық міндеттемелерді орындау шеңберінде 3 эмульгаторлардың (2-ЖЭО және 3-ЖЭО-да) құрылысы аяқталды. Табиғат қорғау органдарының талаптары орындалды, күт тұтқыш қондырғылардың ПӘК арттырылды, зиянды заттардың (күлдің) жалпы шығарындылары төмендетілді, өңірдің экологиясына теріс әсері төмендетілді;

  • азот тотықтарының эмиссияларын азайту мақсатында 2-ЖЭО қазанагрегаттарының оттық құрылғыларын жаңғырту ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 қаулысымен бекітілген «Әр түрлі отынның түрлерін жылу электр қазандарында жағу кезіндегі қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес жүргізілді.

Атқарылған шаралардың нәтижесі:

  • «АлЭС» АҚ жабдықтарын пайдалану коэффициенті 48,9%-дан 50,1%-ға дейін өсті;

  • градирняларды қайта құру арқылы белгіленген және қолдағы қуат арасындағы айырмашылық 2-ЖЭО-да 100 МВт-ға және 3-ЖЭО-да 27 МВт-ға төмендеді;

  • АлЭС АҚ энергия көздерінің қоршаған ортаға қолайсыз ықпалы 2-ЖЭО-ға 2 эмульгаторларды, 3-ЖЭО-ға бір эмульгаторды пайдалануға беру есебінен азайды. 3 котлоагрегаттарда күл шығарылымының азайуы жылына 3 400 тонна құрады;

  • технологиялық үдерісті кері осмос технологиясын қолдануға аудара отырып, 1, 2, 3-ЖЭО тұзсыздандыру қондырғысын қайта құру нәтижесінде химиялық реагенттеріне байланысты шығындар (жылына 55 млн. теңгеге дейін) төмендеді.

ЭКЕАЖ жүйесін пайдалануға енгізгеннен кейін:

  • белгіленген уақыт интервалы қойылатын электр есептеуіштерден деректерді жинау,коммерциялық есепке алу, ақпаратты өңдеу және «АлЭС» АҚ персоналына және жүйелік операторға («KEGOC» АҚ), сондай-ақ энергия нарығының шектес субъектілеріне беруавтоматты түрде орындалады;

  • электр энергиясының шығындары қысқартылды;

  • «АлЭС» АҚ электр энергия нарығының жұмысына қатысуға әрі қарай дамыту кезінде техникалық дайындығын қамтамасыз етілді.

«АлЭС» АҚ инвестициялық бағдарламасына еңгізілген іс-шаралар энергия көздері өндірісінің ағымдағы деңгейін қолдауға, қолданыстағы активтерді қайта құру және техникалық жарақтандыруға, табиғатты қорғау шараларын орындауға, энергия сақтау бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

«АлЭС» АҚ ҚР ИЖТМ-мен жасаған 12.12.11ж. №189 инвестициялық келісімге сәйкес 2012 жылға 6 489.4 млн.теңге сомасына инвестициялық міндеттемелерін қабылдады.

«Алматы Электр Станциялары» АҚ «Самұрық - Энерго» АҚ құрамына кіреді. Алматы электр станциялары Алматы және Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағын шамамен 70% жылумен және 72% электр энергиясымен қамтамасыз етеді. «АлЭС» энергетикалық кешенінің құрамына: 1- ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад Алматы ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік - жөндеу кәсіпорны, ОҚТО кіреді.