ЭНЕРГЕТИКА МАМАНДАРЫНЫҢ ӘУЛЕТІ – бұл Алматы қаласының тіршілігін қамтамасыз ету үшін өз жауапкершілігін сезінетін кәсіби ерекше каста

Мамандардың айтуынша, егер ЖЭО-ға бір рет болсын жұмыс істеуге келсен, энергетика сенің өмірінің бір бөлігі болуы мүмкін. Сондықтан, «Алматы электр станциялары» АҚ компанияның өндірістерінде қызметкерлер жылдар бойы тіпті ұрпақтармен жұмыс істейтіні кездейсоқ емес.

Біздің әңгімеміздің кейіпкері – энергетиктер әулетінен шыққан 1-ЖЭО бас қалқанының кезекші электрмонтері Роза Хайрушина.

Әуелі оның әкесі Ғазиз Халимович Хайрушин 1-ЖЭО-ға жұмыс істеуге келді. Ол станция құрылысының басында болды. 1937 жылы оны әскерге шақырды, ал бірнеше жылдан кейін Ұлы Отан Соғысы басталды. – Ол бүкіл соғыстан өтті, - Роза Хайрушина еске алуда. – Майор атағын алып қайтты, 1-ЖЭО-ға қайта жұмысқа барды. Отбасымызда төрт бала болды, біз жұмысқа жақын тұратынбыз, сондықтан әкеміз жұмыста кешігіп қалғанда біз оған тамақ апарып беріп жүрдік. Үйде де жұмыста не болып жатқаның жиі айтып тұратын. Сондықтан біз 1-ЖЭО-да өстік деп айтуға болады және оның әр бұрышын білетінбіз.

Мен 10 сынып бітіргеннен кейін, әкем мені өз кәсіпорнына алып келді. Ол электр цехы ауысымының бастығы болып жұмыс істеді. 
Хайрушиндардың барлық отбасы 1-ЖЭО-да өз уақытында жұмыс істеді: балалар да, тіпті аналары да. 
Розаның өзі кәсіпорында 41 жыл қызмет етіп келеді. Мұнда оның ұлы жұмыс істеді, ал қазір келіні Ләйлә Оразбаева – Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері болып және қызы Мая Алимбетова – Жоспарлау бөлімінің бастығы болып қызмет етіп келе жатыр.

– Қызым кішкентай болғанда атасынан ЖЭО-ға қашан апаратының жиы сұрайтын, - әңгімелейді Роза Хайрушина. – Әкем енді сені анаң апаратын болады деп қалжындап жауап беретін. – Ақыр аяғында бәрі дәл солай болды. Бүгін мен электр цехтің бас қалқанында жұмыс істеймін, ал бұл болса станцияның, тіпті бүкіл қаланың жүрегі болып саналады, өткені барлық операция біз арқылы өтеді. Энергетикасыз бірде бір өндіріс, бірде бір сала жұмыс істей алмайды, сондықтан мен осы салада жұмыс істегеніммен үнемі мақтан тұтамын. Энергетика тәртіпке үйретеді деп айтады. Мүмкін солай да шығар, өйткені әкем бізді үнемі тәртіпке үйретті. Ал мені өндіріс жауапкершілікке үйретті.

Розаның өмірінде 20 жыл жұмыс істеп кәсіпорыннан денсаулық жағдайы бойынша кетуге мәжбүр болған бір сәт болды. Дегенмен, жаңа жұмысқа тұрғаннан кейін энергетикасыз бір жыл да шыдай алмады.

– Еш болмағанда бір мемлекетте өмір сүріп жатсақ та, бірақ, әрбір кәсіпорында жұмысқа деген өз көзқарасы болып шықты, – деп сенімді Роза. – Жаңа өндірісте ұжым мүлде басқа болды, тіпті әріптестерімізді ақша ғана қызықтырды. ЖЭО-ға қайта оралған соң мен біржолата бұл менікі екенің енді түсіндім. Ұжымымыз тату, барлығы бір біріне көмектеседі және қолдайды.

Бұл жерде біз тек ақша туралы ойламаймыз, себебі өз жауапкершілігімізді түсінеміз және кез келген күрделі жұмысты атқара береміз. 
Хайрушинаның немерелері бірнеше рет 1-ЖЭО-да болды, мүмкін, жаңа буын энергетикаға өз өмірлерін де арнайтын болар.

Ирина ТУЛИНОВА