Қаланың келешегі

Мегаполистің серпінді дамуына қосымша энергетикалық қуат талап етіледі.

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша «Қазэкология» республикалық ғылыми-өнеркәсіптік орталығының мамандары «2-ЖЭО жобаланатын қазанның қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)» жобасын әзірледі.

Жақында осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Мұнда мемлекеттік билік атқарушы органдарының, қалалық экология департаментінің, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарының, «Алматы электр станциялары» АҚ, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Қоғамдық тыңдаулар қоғамдық тыңдау өткізу Ережелеріне сәйкес өтті.

«Алматы электр станциялары» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Мұхаммед-Рахимовтың айтуынша, қазанагрегат алматылықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және 2-ЖЭО аймағында жаңадан салынатын Универсиада-2017 объектілері үшін қосымша жылу және электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

Жобада оны іске асыру кезінде қоршаған ортаға келеңсіз әсерді азайту үшін іс-шаралар жоспары қарастырылған.

Жобалық шешімдерде жоспарланған экономикалық қызметтің табиғат пен қоғамға болжаулы әсерін талдауға, бағалауға және тіркеуге көп көңіл бөлінеді. Осыған байланысты, пайдаланылатын техника мен жабдықтардың техникалық сипаттамалары Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық стандарттары мен заңнамасының нормаларына сай келеді.

Шу, электрмагниттік сәулелену және вибрация деңгейі әсер ететін объектіден алыстағанда тез төмендейді және өндірістік аландарда ғана көрінеді.

Табиғат қорғау ic-шаралары шеңберінде 2-ЖЭО іргелес жатқан аумақтарда көгалдандыру және абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспарланады.

Сонымен бірге жобаны іске асыру жергілікті халық үшін жұмыс орындарын береді. Кейінгі игеру кезеңдері бюджетке түсетін түсімдердің өсімін жоғарылатады. Сарапшылардың пікірінше, оны жүзеге асыру Алматы қаласын жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттырады, құрылыс кезінде қазіргі заманғы технологияларды пайдалану есебінен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қоғамдық тыңдаулардағы пікірсайыста қалалық экология департаментінің, мемлекеттік билік атқарушы органдардың өкілдері мен қала тұрғындары сөз сөйледі. Барлық өзекті мәселелерге түбегейлі жауап берілді.

Виктория ИЗБИЦКАЯ