Прометейге құрмет көрсету

Қапшағай ГЭС жобасының авторы академик Шафик Чокин биыл 100 жылға толады.

1912 жылдың 1 қазанында Баянаул тау бөктерінде кедей отбасында Шафик Чокин дүниеге келгеннен бері бір ғасыр өтті. Дәл осы адамға қиын еңбек ету жылдары өткен соң Қазақстанның электрлендіру процесін басқаруға тура келді. Қазақстан үшін Шафик Чокин жетістіктерінің маңыздылығы туралы Алматы қаласы мен Алматы облысына шын пейілмен 42 жыл бойы қызмет ететін оның жобаларының ең ірісі Қапшағай гидроэлектр станциясына қарап пікір айтуға болады.

1928 жылы иығына жол дорба асып алып шағын рулық ауылынан 14 жасар бала шығып Қарқаралы жаққа бет алды. Оған бұзылған жолмен 400 шақырым жүруге тура келді. Қарқаралыда ол Қазақ педагогикалық техникумына түседі. Ол Омбы ауыл шаруашылығы институтының гидротехникалық кафедрасында оқуын жалғастырды, және «Есіл өзенінің бойындағы Марьев ГЭСі» диссертациясын үздік бағамен қорғады. Қарапайым халықтан шыққан Шафик Чокин қарапайым жұмысшыға су алуға қалай қиын болатынын және ауылды сумен жабдықтау және электрлендіру арқылы еңбек өнімділігін қаншалықты арттыруға болатынын жақсы біледі. Сөйтіп, Чокиннің тікелей қатысуымен және басшылығымен тау ағындарында 18 ауылдық ГЭС салынды және пайдалануға берілді. Ол әлемде теңдесі жоқ эксперименттік базалары бар Энергетика ғылыми-зерттеу институтын құрып басқарды. Чокин Қазақстан энергетикасының ғылыми-технологиялық дамуының кешенді жүйесінің негіздерін қалады, энергия тұтынуды, халық шаруашылығы салаларын энергиямен жабдықтау жолдарын оңтайландыруды және тұтынушылардың қажеттіліктері үшін экономикалық отын түрлері бойынша Қазақстанды электрмен жабдықтауды бағалау әдістемесін әзірледі, оның көмегімен ауыл шаруашылығына жалпы қандай энергия тасымалдаушылар қажет екені анықталды, ауыл аймақтарында электр энергиясын тұтыну режимдері зерттелді, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін электр энергия шығыстарының нормалары әзірленді...Ол әрқашан электр энергетиканың озық даму қарқыны қағидасын қорғады. Сол жылдары әр түрлі энергия көздерінің, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің негізінде республиканың энергетикалық проблемаларын шешу үшін жаңа тәсілдерімен жұмыс істеді. Ол әуелік электр желілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру, электр желісіне жел және мұзтайғақ жүктемелерді зерттеу сияқты энергетика салаларында зерттеулер жүргізді. Сол арада Қапшағай ГЭС жобасы өз ерекшеліктерін табады. Жоба соғыс жылдары әзірлене басталды. 1969 жылғы қыркүйекте, Іле өзені тоқтатылды. Қапшағай станциясының бірінші гидроагрегаты 1970 жылы 22 желтоқсанда, ал соңғысы дәл бір жыл өткен соң 1971 жылы 22 желтоқсанда іске қосылды. 1980 жылы Қапшағай ГЭС құрылысы біржолата аяқталды. Қапшағай су торабы Алматы облысының энергетикасын, су көлігін, балық және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар мәселелерін шешті. Электр энергиясының жетіспеушілігі қысқартылды, тұщы судың стратегиялық резерві қалыптастырылды. Қапшағай ГЭС бірегей болып табылады, өйткені классикалық үлгіде емес, мүлдем басқаша, жаңаша құрастырылды. Су торабының барлық ғимараттары Іле өзенінің сол жағалауымен бір шақырымнан астам жерде созылған. Станция он есе мықтылық запасымен салынды. ГЭС тағы бір дәл сондай су қоймасының көлемінде су қабылдай алады. Станция қуаты – 364 МВт, жылдық орташа өндірісі – 1300 млн кВт/сағ. ГЭС бөгеті көлемі 18 млрд. Қапшағай көпжылдық реттеу су қоймасын құрайды. Бүгінгі таңда Қапшағай ГЭС «Алматы электр станциялары» АҚ құрамына кіреді. ГЭС-тің басты құндылығы – оның білікті және сенімді мамандары. «АлЭС» АҚ станцияның жабдықтарына кезең-кезеңмен қайта құру өткізеді. 1996 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев академик Ш. Чокинге айрықша ерекшілік белгісі – Алтын жұлдызды тапсыра отырып Қазақстанның халық қаһарманы атағын бергені туралы айта кету қажет. Ал 2012 жылдың қыркүйегінде Қапшағай ГЭС бас ғимаратының қасбетінде «АлЭС» АҚ басшылығы салтанатты жағдайда академик Ш. Чокинге арнап мемориалдық тақта орнатты. Осылайша Қазақстанның энергетика ғылымының бастауында тұрған адамға құрмет білдірілді.

Алина БЕКИРОВА, Алматы