Электр энергияға баға жыл сайын арта түсетін болады

2012 жылдың сәуір айынан Алматы мен Алматы облысының тұрғындары электр энергиясы үшін жаңа тарифтер бойынша төлейді. Электр энергиясының бағасы ҚҚС қосқанда 1 кВт /сағ үшін 13.20 теңгеге өсті. Сондай-ақ сәуірден бастап үш деңгейлі сараланған тариф енгізілді.

«2012 жылғы 1 сәуірден бастап орташа тариф жоқ», - деп хабарлады «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Михаил Гамбургер. Ағымдағы жылдың сәуір айынан әрбір тұтынушы өзі үшін мынадай қолайлы тариф жоспарын таңдай алады: үш- және екі деңгейлі тариф, сондай-ақ тұтыну көлеміне байланысты үш деңгей бойынша есептелетін тарифтік жоспар. Заңды тұлғаларға мұндай таңдау берілмейді, олар электр энергиясы үшін үш деңгейлі тариф бойынша төлеуге міндетті.

ҚР ТМРА Төрағасының бұйрығымен бекітілген «Тәулік зоналары бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесіне» енгізілген толықтыруларға сәйкес 2012 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанның барлық аймақтарында тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді саралаудың үшінші деңгейі енгізілген болады. Бір мезгілде бұл құжат жасы бойынша зейнеткерліктегі жалғыз тұратын адамдар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар үшін бөлек жеңілдетілген тұтыну мөлшерін қарастырады, сондай-ақ орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындарын және газдандырылмаған аудандардың тұрғындарын электр плиталарын пайдаланатын тұлғаларға теңестіреді.

Электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай ҚҚС-ты есептегенде 1 кВт/сағ үшін сараланған тариф ставкалары мыналарды құрайды: бірінші деңгей үшін үшін – 12.02 теңге, екінші деңгей үшін – 15.84 теңге және үшінші деңгей үшін – 19.80 теңге. Алматы қаласы бойынша ТМРА департаменті директорының міндетін атқарушы Анар Рахымбаеваның айтуынша, сараланған тариф енгізудің негізгі себебі – қазақстандықтарды электр энергиясын үнемдеуге үйрету болып табылады.

ҚҚС-ты есептегенде 1 кВт/сағ үшін есепке алудың екі деңгейлі жүйесі бойынша есептесетін тұтынушылар үшін тәулік зоналары бойынша сараланған тариф мөлшерлемесі мынадай болып табылады: күндізгі тариф мөлшерлемесі (7-00-ден 23-00-ге дейін)– 17,01 теңге, түнгі тариф мөлшерлемесі (23-00-ден 7-00-ге дейін)– 3,81 теңге. ҚҚС-ты есептегенде 1 кВт/сағ үшін есепке алудың үш деңгейлі жүйесі бойынша есептесетін тұтынушылар үшін тариф мөлшерлемелері мынадай болады: күндізгі тариф мөлшерлемесі (7-00-ден 19-00-ге дейін)– 13,20 теңге, шыңы сағаттағы тариф мөлшерлемесі (19-00-ден 23-00-ге дейін)– 27,84 теңге, түнгі тариф мөлшерлемесі (23-00-ден 7-00-ге дейін)– 3,81 теңге.

«Алматы электр станциялары» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасарыЗулхия Джананова электр қуаты құнының жалпы көтерілуінің негізгі себебі ретінде шикізат үшін нарықтық бағалардың өсуін атайды. «Өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы отын, қосалқы бөлшектер, материалдар мен басқа да тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасы өсті. Бағаның өсуі пайдалану шығындарының өсуіне әкелді, соның ішінде отын үшін шығындар – 20%-дан астам, көлік шығындары үшін - 30% астам, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы және басқалар үшін 5-8%-ға өсті. «Алматы электр станциялары» АҚ электр энергиясы үшін тариф инфляция деңгейі 7% бола тұра, 4,2 %-ға өсті, – деп түсіндірді Джананова ханым.

Алайда электр энергиясы үшін бағаның көтерілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 «Шекті тарифтерді бекіту туралы» қаулысында белгіленген шеңберінде өтті. Қаулыда 2015 жылға дейін электр энергиясы бағасының жыл сайынғы арттыру шегі көзделеді

Авторы: Чулпан Ғұмаров көшесі