Жарық болсын!

Алматы энергетикалық кешені сәтті дамып келеді. Алматы қаласы мен облысы тұрғындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз ететін энергетикалық компаниялардың жұмысын БАҚ өкілдері көре алды.

Пресс-тур барысында журналистер 2-ЖЭО-да, «Алатау» қосалқы станциясында, «Алатау Жарык компаниясы» АҚ-тың орталық диспетчерлік орталығында болды.

«Самұрық Энерго» өндірістік-техникалық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Изберген Абитаевтың айтуынша, Алматыда жылу маусымына дайындау кезінде энергетикалық компаниялар көп жұмыс атқарды.

– Соңғы жылдары мегаполисте біз шамамен 22 қосалқы станцияларды пайдалануға еңгіздік, – деді Изберген Абитаев. – Олардың бәрі қайта құрудан және жаңартудан өтті. 2010-шы жылы қысқы Азия ойындарына дайындалу барысында техниканың соңғы жетістігіне сәйкес жабдықталған бес қосалқы станция іске қосылды. Сонымен қатар 2011 жылы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО-да екі күл үйінділері, градирнялар іске қосылды, бойлер бөлмесіне жұмыстар жалғасуда. Басқарушы директордың айтуынша, осы барлық жаңартулар электр энергияны өндірісінің өсуіне ықпал етті. Сондықтан, былтырғы жылы электр энергиясы шамамен сегіз пайызға, ал жылу энергияның көлемі төрт пайызға өсті.

– Алматы энергетика саласының дамуына мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде, – деп түсіндіреді Изберген Әбітаев, – өйткені жаңарту бойынша барлық жұмыстар елеулі күрделі жұмсалым талап етеді. Қаржы жағынан бізге ел үкіметі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басшылығы және қала әкімдігі айтарлықтай қолдау көрсетеді.

Мамандардың айтуынша, үш жұмыс істеп тұрған станциялардың жабдықтары сапалық жағынан ескірген. 1-ЖЭО жасы – 76 жыл, 3-ЖЭО (Алматы облысы Покровка ауылында орналасқан) – 62 жаста, ал 2-ЖЭО жасы – 31 жыл. Сондықтан оларды жаңғырту үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап етеді.

Біз құрылыстың бір бөлігін қарыз қаражаты есебінен жүргіземіз, - дейді басқарушы директор. – Мысалы, 2-ЖЭО градирнялары Қазақстан Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен жаңғыртылды. Бірақ ұзақ уақыт бойы ақталатын жобалар бар, - олар қалалық қосалқы станциялар. Сондықтан олар бюджет есебінен инвестицияланады.

Қазіргі заманғы және ықшам

«Алатау Жарык компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Асқар Балабатыров Алматы қаласы және облысының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау үшін компания жүргізіп жатқан жұмысы жайында жан-жақты әңгімелеп берді.

– Қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалана отырып салынған екі ықшам қосалқы станция – «Алатау» және «Отырар» іске қосылды, – деп түсіндіреді Асқар Балабатыров. – Бұл Алматы метрополитені бекеттерін және мегаполис тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін едәуір жақсартты. Қосалқы станциялардың құрылысына республикалық бюджеттен қаражат тартылған болатын.

Бұдан басқа, оның ақпараты бойынша, электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі толық орындалды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламасы сәтті орындалуда. Осының арқасында нормативтен тыс шығындарды 53 млн. кВт.сағ. төмендетуге және нақты шығындарды 18.3 пайыздан 17.3 пайызға дейін жеткізуге мүмкін болды.

Алматыда тарату желілерінің қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылып жатыр, - дейді Асқар Балабатыров. Өткен жылы осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың жиынтық көлемі 2.3 миллиард теңге құрады.

Алматы қаласы және облысының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау үшін күзгі-қысқы кезеңде 27 жедел-шығу бригадалары дайындалған және толығымен жинақталған болатын.

Қазіргі уақытта төраға орынбасарының айтуынша, компания алдында бірнеше бірінші кезектегі міндеттері тұр. Бұл Алматы маңында сақина жасау үшін «Ерменсай – Кенсай – АЖЭО-3» 220 кВ ЭБЖ бар «Кенсай» ПС құрылысын аяқтау. Осы нысанның құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2012 жылға қарай жоспарланып отыр.

Электр энергиясының техникалық және нормативтерден тыс ысыраптарын төмендету үшін тарату желілерін қайта құру жоспарда бар. Сондай-ақ 220 кВ ҚС «Қаскелең», 110 кВ ҚС «Жаңа 3А», «Алтай», «Мамыр» және «Турксиб» салу, олар мегаполистің инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін жағдай туғызады.

Өндіріс ысырабын азайта отырып

– Сондай-ақ «2011-2015 жылдарға арналған «АЖК» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бағдарламасын» жүзеге асыру үнемі біздің бақылауда, – дейді Асқар Балабатыров. - Жоба нормативтен тыс энергия ысырабын жоюға және нақты шығындарды нормативтік деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгін ішкі станцияларымен энергия өндіру қуаты 938 МгВ құрайды. Төраға орынбасарының айтуынша, оның тапшылығы жетіспейтін энергияны оңтүстік және солтүстік Қазақстандағы көтерме сауда нарығынан сатып алу арқылы жабылады. 490 МгВ қоса қуатты реттеу қызметтері Қырғызстаннан сатып алынады.

«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) басқарма төрағасы Вячеслава Кимніңақпараты бойынша аймақ бойынша жалпы тұтынудың жылу-электр энергиясын өндіру үлесі электр энергия бойынша – 72%, жылу энергия бойынша – 70% құрайды.

– Энергия көздерінің жасы: 31 жастан 76 жасқа дейін, – деп Вячеслав Ким түсіндірді. – Энергия көздерінің ағымдағы өндіру деңгейін ұстап тұру үшін 2011 жылы бекітілген кестеге сәйкес жөндеу науқаны толық жүзеге асырылды. Жөндеу шығындары 4,5 млрд. теңгеге шықты. Өндіру жабдықтарының апатсыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті отын, химреагент пен қосалқы бөлшектер қорлары жиналды. 454,1 мың тонна көмір және 43,4 мың тонна мазут айлық қорлары құрылды.

Оның айтуынша, өткен жылы қайта құру өткізілді, 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ға градирнялар пайдалануға енгізілді.

Нәтижесінде, электр қуатының өсімі 132 МВт құрады, бұл энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін ұлғаюына ықпал етеді. Сонымен қатар 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ға электр станциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін күл үйінділері пайдалануға енгізілді.

ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 ы. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қолданыстағы шектеулерді шешу арқылы қолдағы электр қуатының өсімі 132 МВт болады, бұл жылына 585 миллион кВт/с-тан астам қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл Алматы облысы бойынша энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға ықпал етеді;

Сонымен қатар, оңтүстік Қазақстандағы электр қуатының тапшылығымен байланысты 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында «АлЭС» АҚ электр қуатының өндірісін шарттық міндеттемелерден асырып қараша айында 36 пайызға, ал желтоқсан айында 19 пайызға көтерді. 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында жылу энергия өндірісі 2010 жылғы балама кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өсті.

Компаниямен қуатты арттыруға бағытталған бірқатар басым стратегиялық жобалар белгіленді. Олар: 2-ЖЭО-ға бойлер бөлмесі мен №8 қазандық агрегатын; 1-ЖЭО-ға екі газ турбиналық блоктарын іске қосу; Кербұлақ ГЭС салу және т.б.

Біздің анықтама

«АлЭС» АҚ энергетикалық кешенінің құрамына кіретіндер: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Алматылық ГЭС Каскады, «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорны.Қазақстандағы электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша ең ірі көміртозаңды станция болып табылады. Екібастұз көмір бассейнінің көмірі негізгі отын болып табылады. Мазут жағылатын отын ретінде пайдаланылады. 2-ЖЭО – соны түріндегі жылу электр станция. Сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатында станция 12 метр тереңдіккее тереңдетілген. Станцияда елімізде бірінші болып сейсмикалық орындауында 420 т/сағ бу шығарғыштығы бар қазанагрегаттар орнатылды.

Ирина ТУЛИНОВА Тел. 292-74-08 Фото: Павел МИХЕЕВ.